2-6 наурыз аралығында Таразда пара пауэрлифтингтен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылардың командалық және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пара пауэрлифтингтен өткен ел біріншілігіне Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Абай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарынан 145 спортшы қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Республика чемпионатынан маңғыстаулық спортшылар 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленді. Олардың қатарында Ғани Исентеміров және Шалқар Ақмолдаев (жастар арасында) ҚР чемпионы атанса, Ізтілеу Дуйсенбеков пен Гауһар
Өмірзақова күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен бірге Ерлан Исаков қола жүлдені иеленді.