Есетова Гүлзира 1974 жылы 10 қыркүйекте Форт-Шевченко қаласы, Маңғыстау облысында дүниеге келген.
“Саламатты Ел” қоғамдық қорының директоры, YESSENOV University «Халақаралық қатынастар және туризм» кафедрасының аға оқытушысы, Саясаттану бағыты бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі, отбасылық тәрбиесі бойынша психолог-консультанты. Сертификатталған бизнес-тренер, әлеуметтік кәсіпкерлік тренері. Сайлау кезіндегі тәуелсіз бақылаушылардың тренері.
• Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Әдеп кеңесінің мүшесі,
• Облыс әкімі жанынадағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі жұмыс тобының мүшесі,
• Ақтау Қоғамдық Кеңесінің мүшесі,
• Ақтау қаласы Аналар Кеңесінің төрағасы.
"Халық алғысы" 2021 жылы, және "Офицердің анасы" 2023 жылы төсбелгілермен марапатталған.
Қызметіне қоса, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген Гүлзира Есетова отбасылы. Төрт баласы, екі немересі бар ақ жаулықты ана отбасының ұйытқысы болып отыр.
Өңірдің әлеуеметтік-экономикалық дамуына нәзік білекті, от жүректі азаматы ретінде үлес қосуға бел буып, саяси додада бақ сынамақшы.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:
1. Шағын аудандар ішіндегі жолдарды жөндеу мен жарықтандыру мәселесіне атсалысу
2. Қаланы су және жылумен үздіксіз қамту үшін қосымша қуат көздерінің салынуына ықпал ету
3. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың қажеттіліктеріне қарай берілетін мемлекеттік көмектің әділ берілуіне қол жеткізу
4. Әйелдердің шағын кәсіптерін қолдау
5. Тұрғындардың тұрмыстық қатты қалдықтарын бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру
6. Балаларға арналған ойын, спорт алаңдарын толық жөндеуден өткізу және жаңалау.
Есетова Гүлзираның сайлау қорының қаражатынан төленді