Кеше, 14 сәуір күні Мұнайлы ауданының Айрақты-Шерқала тас жолында кортеж жасаған 5 көлік бақылау камерасына түскен. Досын әскерден күтіп алған жолаушылар терезеден басын шығарып, жол ережесін өрескел бұзған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл жөнінде полицейлерге жедел басқару орталығынан хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілері мен жолаушыларын анықтап, айыппұл салған.
- Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша және 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталды, - делінген Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің хабарламасында.