Кеше Құрық ауылында Қарақия ауданының 45 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтті. Ауданның мерекесіне орай футболдан ауданішілік турнир қол күресі, эстафета сияқты спорттық шаралармен жалғасты.
Одан соң аудан жұртшылығы Құрық ауылының ортасындағы спорт залдың ашылу салтанатына куә болды. Бұл жерде 2 ауысыммен 100-ге тарта бала жаттығатын болады. Спорт үйінің ашылуына арнайы қатысқан Маңғыстау облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов аудан тұрғындарын мерекесімен құттықтады. Жаңа залдың лентасын қию құрметі Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Серікбай Трұмов және Қарақия ауданының ардагер ұстазы, Ыбырай Алтынсарин сыйлығының иегері Айғаным Төлесбаеваға берілді.
Осы спортзалда жаттығып жатқан дзюдошылар қонақтардың алдында өз өнерін көрсетіп, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовқа дзюдо формасына өз қолтаңбасын қалдыруды сұрады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ, Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62997,63000,63002,63001,62996,63004,62998,63003,62999"]