Португалияда өткен жасөспірімдер арасында каратэ киокушинкайдан Гүлназ Ізтаңатова Еуропа чемпионы атанды. Бүгін спортсүйер жанкүйерлер Ақтау халықаралық әуежайынан Еуропа чемпионын және жаттықтырушысы Садиға Армандты күтіп алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Еуропа чемпионы Гүлназ Ізтаңатованы күтіп алуға Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Тұяқов, ауданның спорт активі және ата-анасы, туған-туыстары барды. [caption id="attachment_86973" align="alignnone" width="1024"] Суретті түсірген Шынар Кендін[/caption] Елінің қасиетті көк байрағын Португалия төрінде желбіреткен чемпион қызды ауылдастары "Атамекен" әнін шырқап, ақ шашу шашып, гүл шоқтарымен қарсы алды.
Шынар КЕНДІН