Қарақияда бокстан 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасындағы Жалау Мыңбаев атындағы IV республикалық ашық турнир басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Оқи отырыңыз: https://mangystaumedia.kz/18/81843/ Турнирді Қарақия ауданының əкімі Кыдырберді Беков ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Былғары қолғап жекпе-жегінде Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облысының қала, аудандарынан 170-ке жуық спортшы күш сынасады. Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша турнир 3 күнге созылады. Әлем чемпионы Ердос Джанабергенов қонақ ретінде келсе, ересектер арасындағы Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Əділ Басығараев бақ сынап көрмек.