Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыс етіп, алғыстарын жария етті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. "Болашақты саясаткерлер, өткенді тарихшылар, ал бүгінгіні журналистер ойлайды деген қағида бар. Бірақ, меніңше, журналистер болашақты да, өткенді де ойлайтын бірегей қауым деп айтуға болады. Халыққа ел ішіндегі оқиғалар жөнінде хабар таратып, шұғыл әрі шынайы ақпарат беру сіздердің кәсіби міндеттеріңіздің арқасы", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде. Сонымен биыл Мемлекет басшысының өкімімен Президент сыйлығы "Жас өркен" ЖШС-ның бас директоры Жүсіпбек Қорғасбекке, "Комсомолская правда - Казахстан" газетінің бас редакторы Виктор Кияницке, "Ана тілі" газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжанға, "Астана" телеарнасының редакторы Жайна Жақсылықоваға берілді. Ал Президент гранттары "Хабар 24" телеарнасының тілшісі Рауан Мыңбаевқа, "Қазақстан" тееларнасы "Мәселе" сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Нартай Сәрсенғалиевке, "Қазақстан" ТРК Маңғыстау облыстық филиалының шеф-редакторы Әсем Сартбаеваға табысталды. Сондай-ақ Президент алғыс хаттары "ҚазАқпарат" ХАА мен "Жетісу" телеарнасының ұжымына, "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіпке, "Хабар" телеарнасының шеф редакторы Александр Трухачевке, "Қазақстан" телеарнасының жүргізушісі Қымбат Досжан мен Дана Нұржігітке, "Хабар 24" шеф редакторы Шалқар Қожаевқа, "Қазақстан" телеарнасының дирекция директоры Ерлан Атамбайға, "Литер" газеті бас редакторының орынбасары Жанна Ойшыбаеваға, "КТК" телеарнасының бас директоры Элмира Жамиловаға берілді.
Сурет ҚазАқпарат сайтынан алынды