2020 жылғы ақпанның басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады, олар есірткіні асқазанына салып тасымалдаған. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынды, құны 50 миллион теңге болатын олардың жалпы салмағы шамамен 1 кг (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрады.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.