Ақтау қалалық сотында И-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотта анықталғандай, И. Ақтау қаласы 14 шағынаудандағы пәтерлердің бірінде үй тазалаушы болып қызмет атқара жүріп, қасақана, пайдақорлық ниетімен, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында ешкім жоқтығын пайдаланып, С-ға тиесілі алтын бұйымдарды және әмияндағы ақшасын жасырын түрде жымқырып, барлығы 4 189 960 тенге материалдық шығын келтірген.
Сот үкімімен И. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.