Электрондық үкiметтiң» порталында (www.e.gov.kz) (бұдан әрі-ЭҮП) мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған министрлiктермен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жауапты орындаушы болып табылады. Атап айтқанда, «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу»,бала (қыз) асырап алуды, және тағы басқалары сияқты электрондық мемлекеттік қызметтерді іске асыру үшін сот актілерін беру талап етіледі.
Электрондық сот өндірісін және құжат айналымын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкiметтi» дамыту мәселелері бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарға электрондық талап - арыздар, сот отырысының хаттамасын беру туралы электрондық өтініштерді, сот отырысының хаттамасына электрондық ескертулердің электрондық сот ісін жүргізу тәртібі бойынша қарауды енгізу жүктелді қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарға арналған. «Төрелік» жүйесінде электрондық арыздың өту хронологиясын көрсететін электрондық хабарламаларды қалыптастыру және арыз берушіге жеткізу. Электрондық үкімет порталы арқылы талап арыздарды беру электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) расталады.
Бұл процедураны іске асыру үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталына тіркелген болуы тиіс және электрондық-цифрлық қолтаңбасы болуы қажет; Электрондық үкімет порталы арқылы талап арыздар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен беріледі. Электрондық үкімет порталы арқылы талап арыздарды беру кезінде электрондық-цифрлық қолтаңбамен тек қана қоса беріліп отырған файл ғана расталмайды, барлық сұраулар толығымен расталады.
Арызды беру бойынша әрекет бірнеше сатыдан тұрады (1-арызды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу, 2-мемлекеттік салымды төлеу, содан кейін 3 - қол қою). Осылайша, ЭЦҚ қойылмаған талап - арыз соттарға интернет-портал арқылы берілмейді. «Талап арызды беру» қызметі тек сотқа жүгіну бастамашылары үшін веб-порталда жүзеге асырылған. Аяқталуы бойынша арыз берушіге жауап берілетін жауапты өңдеудің регламенттік уақыты бекітілген.
Оның қорытындысы: талапты қабылдау туралы, не дәлелді бас тарту туралы хабарлама болып табылады. Жергілікті соттардың ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер, аудандық әкімшілік және салық басқармасы өкілдерінің қатысумен осы тақырыпқа байланысты дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар, on-line режимінде тапсырыс беруші тұлғаларға қиындық туғызған бірқатар мәселелер оң шешіліп, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өзінің жалғасын табады деп сенеміз.
Маңғыстау облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы
Бибигуль Самалыкова