• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Мәселені сотқа жеткізбей, медиатордың араласуымен мәмілеге келіпті

[ 2018 ] 20 қаңтар, 15:22  |  Құқық

©

Түпқараған ауданындағы кәсіби медиатор Талғат Абдукаримов Абайұлы өткен жылдың төртінші тоқсанында өз жұмысын бастаған болатын. Одан бері өткен уақытта кәсіби татуластырушының еңбегіне жүгінгендер болды ма екен деген оймен «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігін аудандағы орталығына хабарласқан болатынбыз. Заңгер Талғат Абайұлы өз ісінің жүріп жатқанын, аудан азаматтары кәсіби медиатор жұмысын бағалағанын айтты.

- Орталық ашылғаннан бергі жұмысыңыздың жа­йын баяндасаңыз?

- Түпқараған аудандық сотында «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің медиация бөлмесі жұмыс жасап бастағаннан бері, сотпен қаралып жатқан 2 азаматтық істің өндірісі қысқартылды. Себебі олар кәсіби медиатордың көмегіне жүгінді. Тараптар (Талапкер мен Жауапкер) араларында туындаған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалып, іс әрі қарай сот процесімен емес, келісімге келу жолымен шешімін тапты.

Бұлар қандай бағыттағы істер, қандай жолмен шешілді?

- Екеуі де азаматтық істерге жатады. Іс жүргізу қағи­даттарының бірі құпиялық сақтау болғандықтан, медиация нәтижесінде жасалған ке­лісімдер жайлы ақпарат және медиация рәсімдеріне қатысқан Тараптардың аттары құпия болып сақталады. Сондықтан азаматтардың есімін қысқартып айтайын. О есімді азаматша өзінің Түпқараған аудандық сотына жазған талап­арызында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан тұрғын үй құрылысын салу үшін жеке меншік құқығымен сатып алған 1500 га жер учаскесіне А есімді азамат қателесіп тұрғын үй құрылысын салып қойғанын, жер дауын өзара шеше алмағандықтан, А есімді аза­маттың заңсыз салған тұрғын үй құрылысын бұздыруды сұраған. Екінші іс бойынша Р есімді азаматша өзінің Түпқараған аудандық сотына жазған талап­арызында С есімді азаматпен заңды некеде тұрған кезеңінде екеуі шетелдік автокөлік пен тұрғын үй құрылысын салу үшін Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан жер телімін сатып алғанын, аталған мүліктер екеуінің ортақ меншігі екенін, неке бұзылып, екеуінің ажырасуына байланысты ортақ мүлікті бөліп беруін сұраған. Мәселені оңтайлы шешкеніміздің арқасында екі жақтың азаматтары бір шешімге келді.

- Медиацияның тағы қандай оңтайлы жағы бар?

- Медиация рәсімдерінің оңтайлы жақтарына тоқталатын болсақ, «Медиация туралы» Заң тараптың медиация рәсімдеріне жеке қатысуын міндеттемейді, Тараптар немесе Тараптың бір бөлігі бір себептермен медиация рәсімдеріне қатысуына мүмкіндігі болмаған жағ­дайда, (мекен-­жайының басқа қалада болуы, жеке шаруаларымен немесе іс сапармен басқа қалаға кетуі) тарап медиация рәсімдеріне сенімхат арқылы өзінің өкілін немесе өкілдерін қатыстырып, өзінің дауларын өкілдері арқылы реттеуге толық мүмкіндігі бар. Сонымен бірге азаматтық дау бойынша сотта қаралып жатқан азаматтық ісі медиация рәсімдерін қолдану нәтижесімен өндірістен қысқар­ тылған жағдайда, талапкердің төлеген мемлекеттік баж салығы талапкердің өзіне кері қайтарылады.

Жалпы медиация рәсімдерін даудың кез келген түрін шешу барысында, сондай­-ақ медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 68­ бабында көзделген барлық қылмыстық істер бойынша, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 64­-бабында көзделген барлық әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қолдануға болады. Мысал ретінде айтар болсам, Маңғыстау облыстық жасөспі­рімдердің істері бойынша ауданаралық маманданды­рылған сотында Қазақстан Республикасының 188-­бабында көзделген қылмысты, яғни бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлағаны үшін қамауға алынған А есімді азаматша, сот процесі барысында медиация рәсімдерін қолдана отырып жәбірленушімен татуласып, ұрлықпен келтірілген залалдың орнын қалпына келтіруіне байланысты сот залынан босатылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

- Берген ақпаратыңыз үшін көп рахмет. Біз өз сұра­ғымызға жауап алдық деп есептеймін. Азаматтар кәсіби медиатордың жұмысына жүгініп, өздерінің мәселелі істеріне оңтайлы шешім табады деген ойда­мыз.

- Рахмет.

Клара ҚАНСҰЛТАНОВА

1075
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
құқық сұхбат аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстаннан шығарып жіберсе де қайтып келіпті

Келесі жаңалық

Мешітте айғайлағандарға 2 миллионға жуық айыппұл салынған

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    "Қоғамның бүгінгі бас ауруы - ұрлық"

    [ 2018 ] 20 маусым, 07:45
    1397

    Жағалау күзетіндегі жұмыс қандай?

    [ 2018 ] 22 мамыр, 04:30
    1300

    Мәселені сотқа жеткізбей, медиатордың араласуымен мәмілеге келіпті

    [ 2018 ] 20 қаңтар, 15:22
    1076

    Санақ арқылы мемлекетте ең үлкен мәліметтер базасы қалыптасады

    [ 2021 ] 17 қыркүйек, 10:26
    1544

    Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

    [ 2021 ] 22 наурыз, 18:24
    1478

    Армениядан әкелінген көліктер: Тіркеу және төлем

    [ 2020 ] 10 маусым, 14:59
    3481

    Рубрикалар

      СпортТағайындауАшық қоғамКомплаенсБейнеуҚоғамРухани жаңғыруАНТИКОР

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2718

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2389

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2226

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2949

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2588

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2440

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»