©
Түпқараған аудандық сотында Қазақстанның заңын екі рет бұзған шетел азаматы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Б. Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығып кету керек бола тұра, заң талаптарын орындаудан жалтарған.
Түпқараған аудандық сотының үкімімен Б. ҚР ҚК-нің 393-бабымен кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 60 125 теңге айыппұл салынып, 5 жылға Қазақстан Республикасының шегінен шығаруға жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Көрнекі фото архивтен алынды