• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 18 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

    Жағалау күзетіндегі жұмыс қандай?

    [ 2018 ] 22 мамыр, 04:30  |  Құқық

    ©

    ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің Жағалау Күзет Өңірлік басқармасына қарасты 2201 «б» әскери бөлімінің қызметтік жауынгерлік іс-әрекеті бойынша мемлекеттік шекараны күзету барысында қандай жұмыстар жүргізуде, шекара қызметін күзету барысында қандай заң бұзушылықтар орын алды деген сауалдар төңірегінде 2201 «б» әскери бөлім командирінің орынбасары, 2-дәрежелі капитан Сүлейменов Алмас Қалимолдаұлымен жүргізілген сұхбатпен таныс болыңыздар.

    - Жыл басынан бері қандай жұмыстар жүргізілді? Шекараны бұзып, өз несібемізді өзімсінетіндер көп пе?

    - Каспий теңізінен шекара кемелермен және катерлерімен 130 мың метрден астам аулар теңізден шығарылды, 157 данадан астам бағалы қызыл балық және 63 дана итбалық теңізге қайта жіберілді. Мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін 5 шетел азаматы ұсталды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

    ҚР 5 азамат 512-баптың ҚР ӘҚБК-нің тармақтарына сәйкес жауапкершіліке тартылды. Әр азаматтың мойынына 10 АЕК ақшалай айыппұл салынды.

    - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті бәрі бірдей біле бермеуі мүмкін. Аумақтық су (теңіз) режимдерін бұзған жағдайда қандай баппен, қандай жаза қолданылады?

    - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 512-бабы бар. Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзу бойынша тармағы бар. Біріншісі, Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және iшкi суларындағы, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiндегі режимді қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су үсті және су асты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың орналасу пункттерінен шығуының және орналасу пункттеріне қайтып оралуының, суда болуының белгiленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Екіншісі, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметін немесе өзге де қызметті жүргiзу – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).

    Осыған байланысты жергілікті тұрғындар ҚР бекітілген заңдарын білу қажет және бұзбау тәртібін орындаулары керек.

    - Сонда теңізге шығу үшін де арнайы рұқсат керек дейсіз бе?

    - Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара заңының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V заңының 48-бабында "Қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі беретін рұқсаттамалар негізінде жүргізіледі", - деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне рұқсаттамаларды алуға ұсынуларды енгізу кезінде жеке және заңды тұлғалар мен ұйымдар аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын, оның ішінде шағын көлемді құралдардың шығу мақсаттары, уақыты және бағыты (аудандары), олардың типтері және тіркеу нөмірлері, сондай-ақ тіркелу орындары туралы мәліметтерді енгізеді. Енгізілетін ұсыныстар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің және ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен келісілуі тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекара кеңістігінде із кесу іс-қимылын жүргізу кезінде рұқсаттардың қолданысын шектеуге немесе уақытша тоқтатуға құқылы, бұл туралы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға хабар беріледі. Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына қазақстандық шағын өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын, оның ішінде шағын көлемді құралдардың шығуы, тек тәуліктің жарық уақытында кеш түскенге дейін олардың тіркелу орындары бойынша кемежайларға, жағадағы кеме аялдайтын орындарға және орналасу орындарына немесе жағалауға, егер де бұл кемелерге (құралдарға) қатысты ұстаудың өзге тәртібі анықталмаса, оралуымен ғана рұқсат беріледі. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында өз құзыреттері шегінде міндеттерін орындайтын өзге уәкілетті органдардың (ҚР Қарулы Күштерінен басқа) өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелері (құралдары) және мұз үстімен жылжитын құралдарының шығулары туралы көрсетілген акваторийлерге шығу күнінің қарсаңында тәуліктің кез келген уақытында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне хабар береді. Жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарымен келісілген ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл сайын Каспий теңізінің жағалауы учаскелерінің тізбесін белгілейді, онда режимдік шектеулердің іс-әрекеті тоқтатылады – екі мильге дейінгі арақашықтықта теңізге еркін шығуға, белгіленген акваторияда ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзуіне және пайдалануына рұқсат етіледі. Ал осы заңның 49-бабы «Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзуі (пайдалану) тәртібі» туралы айтылады. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын, оның ішінде шағын көлемді құралдардың жүзуі және (немесе) оларды пайдалануы тек рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) аудандарда немесе навигациялық-гидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыстың белгіленген схемаларына сәйкес қана рұқсат етіледі. Оларға: осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамаларында, егер өзгеше тәртіп ескертілмеген жағдайда тоқтауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), әртүрлі жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), әртүрлі жүзу құралдарын суға түсіруге немесе бортқа қабылдауға, әртүрлі ұшу аппараттарын, соның ішінде пилотсызды ауаға көтеруге, қондыруға және бортқа қабылдауға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің корабльдері мен катерлеріне белгіленбеген шамдарсыз түнгі уақытта жүзуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда корабльдердің (катерлердің) командирлері өзге де кемелермен (құралдармен) соқтығысу, өзге де апаттық жағдайды тудыру мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылдауы міндетті. Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) белгіленген аудандарында уәкілетті органдар қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын, оның ішінде шағын көлемді құралдардың жүзуін шектейді, ол туралы алдын ала теңізде жүзушілердің хабарламаларында хабар беріледі.

    - Құжаттар алу тәртібі туралы не айтар едіңіз?

    - Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін тағы да ескертіп айтамыз.

    Онда: 1. Осы заң мен Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.

    2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, өзге де уәкілетті органдардан мемлекеттік шекараны қорғау саласында олардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөнінде түсініктеме алуға құқығы бар.

    3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың заңды құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда тиісті лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұл құқықтарды қалпына келтіруге және оларға келтірілген залалды өтеуге міндетті.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мейрамбек Жаңабай – «Каспий көкжалы»

    Ал құжаттар алу тәртібіне тоқталсақ, барлық адамдар порттан (орналасу пунктінен) шыққанда, Қазақстан  Республикасының  аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында болған кезде және қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (су үсті және су асты) кемелерде (құралдарда) және мұз үстімен жылжитын құралдарда портқа (орналасу пунктіне) оралған кезде шекара қызметі өкілдерінің талабы бойынша шекара қызметінің әскери бөлімі беретін рұқсаттамаларын, жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру үшін береді. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастамашылар) рұқсаттамалар алу үшін шекара қызметінің әскери бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады: Жергілікті атқарушы органдарға (әкімшілікке) жеке куәлігінің көшірмесін өткізеді. Өздігінен жүзетін шағын көлемді кеме (құрал) иесінің (жалдаушының) оны басқаруға құқық беретін куәлігінің көшірмесі және жыл сайынғы техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті. Аумақтық суларда (теңізде) теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізу ниеті бар мемлекеттік органдар және ұйымдар шекара қызметіне ұсынулар енгізу кезінде қосымша: 1) кемелердің атауын, типін және сыныбын қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар; 2) жоба жүргізілетін аудандар бойынша нақты географиялық деректер; 3) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпарат беруге міндетті. Тізімдерді заңды тұлғалар үшін – олардың басшылары, жеке тұлғалар үшін – азаматтардың өтініштері бойынша жергілікті атқарушы органдар жасайды. Ұйым басшылары немесе жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары қол қойған тізімдер үш данада (2 дана – шекара қызметі үшін, 1 дана – бастамашыға) жасалады. Ұсынулар мен өтініштер шекара қызметінің әскери бөліміне бастамашылармен енгізер алдында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелеріне екі жұмыс күні ішінде келісуге жіберіледі. Келісу мерзімдері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық бөлімшелерінің тізімдерді алған сәтінен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс. Жеке тұлғаның рұқсаттамасы жоғалған жағдайда әскери бөліміне қайта беруге жазбаша түсініктеме береді. Заңды және жеке тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекара режимін және аумақтық сулардағы теңіздердің тәртібін бұзған жағдайда шекара қызметінің әскери бөлімі берген рұқсаттамаларын алып қояды. Рұқсаттаманы алар кезде әскери бөлім жеке тұлғаларға есепке алу журналына қол қойдырып, рұқсаттаманы өз қолымен алады. Рұқсаттаманың қолдану мерзімі аяқталған жағдайда әскери бөлімге қайта тапсырады. Мерзімі аяқталған рұқсаттаманы әскери бөлімге тапсырмаса, оларға келесі тізімдеме бойынша әскери бөлімге рұқсаттама беруден бас тартуға негіздеме болып табылады. Рұқсат шекара қызметінің қаржысынан жүзеге асырылады.

    - Сұхбатыңызға рақмет, су жағасында отырып, теңізден несібе талмамайтын тұрғын жоқ. Ал олардың теңізге шығуы үшін де ар­найы рұқсаты болуы міндетті екенін, ол қан­дай құжаттармен рәсімделіп, заң бұзылған жағдайда қандай жаза қолданылатыны тура­лы кеңінен тоқталып өттіңіз.

    Милана ЕЛЕУСІНОВА

    1304
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    құқық сұхбат аудан тынысы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда банк тонамақ болған күдікті ұсталды

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда 4 күнде 113 шетелдік елден шығарылды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      "Қоғамның бүгінгі бас ауруы - ұрлық"

      [ 2018 ] 20 маусым, 07:45
      1401

      Жағалау күзетіндегі жұмыс қандай?

      [ 2018 ] 22 мамыр, 04:30
      1305

      Мәселені сотқа жеткізбей, медиатордың араласуымен мәмілеге келіпті

      [ 2018 ] 20 қаңтар, 15:22
      1080

      Санақ арқылы мемлекетте ең үлкен мәліметтер базасы қалыптасады

      [ 2021 ] 17 қыркүйек, 10:26
      1548

      Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

      [ 2021 ] 22 наурыз, 18:24
      1483

      Армениядан әкелінген көліктер: Тіркеу және төлем

      [ 2020 ] 10 маусым, 14:59
      3491

      Рубрикалар

        СұхбатХабарландыруРедакция туралыБайқауАуыл өміріРедакция ұжымыДенсаулық

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақкетікте І қайырымдылық балы өтеді

      [ 2019 ] 19 қараша, 09:47
      2387

      Мұрын жырауға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек

      [ 2019 ] 13 қараша, 11:11
      2165

      Елордада өткен ауыл әйелдерінің II форумына облыстан 12 делегат қатысты

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:18
      1679

      Форт-Шевченко қаласындағы орталық емханада семинар өтті

      [ 2019 ] 9 тамыз, 05:00
      1846

      Түпқарағанда 600-ден астам адам тұрғын үй кезегінде тұр

      [ 2019 ] 25 шілде, 08:21
      1650

      Түпқараған ауданында кәсіпкерлер көбейіп келеді

      [ 2019 ] 13 маусым, 05:53
      1547

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»