• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Елордада өткен ауыл әйелдерінің II форумына облыстан 12 делегат қатысты

[ 2019 ] 12 қараша, 09:18  |  Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7-8 қараша күндері өткен 2 күндік Қазақстан ауыл әйелдерінің II форумына Маңғыстау облысының әр ауданынан әр салада жетістікке жеткен 12 делегат қатысып қайтты. Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан сынды елдерден арнайы өкілдер қатысқан «Қазақстан әйелдерінің ауылды кешенді дамыту мен ТМД-2030-дың орындалуына қосар үлесі» тақырыбындағы форумы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, G-Global халықаралық хатшылығы мен Еуропа қайта құру және даму банкі бірлестігі, «Соса-Сola» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина, Парламенті Мәжілісінің депутататы Н.Сабильянов, Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова, Еуропа Қайта құру және даму банкінің вице-президенті Бетси Нельсон, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі «Соса-Сola» компаниясының Үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Александра Акирман, Қазақстандағы Конард Аденауэр қоры өкілдігінің директоры Томас Хельм, Еуропа қайта құру және даму банкінің экономикалық және гендерлік инклюзия бойынша директоры Барбара Рамбусек қатысып, сөз алып, ауыл әйелдерін дамыту, тұрақты даму кәсіпкерлік пен әйелдерді қолдауға қатысты түрлі бағдарламалар мен мәселелерді қозғады. Форумды Жасыл экономиканы қолдау және G-Globol-ды дамыту Коалициясының төрайымы, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Кеңесінің мүшесі, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің төрайымы Салтанат Рақымбекова ашып: - Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған форум 14 облыста өткізіліп, оған 163 ауданнан 2700–ден астам делегат қатысты, - деп атап өтті. Бүгінде Парламентте 23 пайыз әйел азаматтар қызмет етсе, облыстық, аудандық мәслихаттарда 259 әйел ел игілігіне қызмет етуде. Еліміз бойынша бірде-бір облыс басқарып отырған әкім әйел болмаса да, 348 әйел - ауыл және кент әкімдері қызметін ер азаматтармен бірдей деңгейде атқарып келеді. Солардың бірі - Маңғыстау облысындағы Ақтөбе ауылдық округын басқаратын жалғыз әйел Жанбибі Молдашева. Форумға Маңғыстаудан аттанған 12 делегаттың бірі әкім-әйел Жанбибі Молдашева 7 жыл ауылдық округті басқарып келеді. Форум аясында ҚР Ұлттық экономика министрі Р.Дәленовтың Алғыс хатын иеленді. Ауылына қайта сайланған әйел–әкімнің ауылы да «Үлгілі ауыл», «Жасыл аула» сынды байқаулардың жеңімпазы. Өзі де келін, жар, ана, әже атанған Жанбибі – көп балалы ана статусында. Атақты Аңшы-Нұр атанған ауылға сыйлы ақсақалдың келіні. Форумның екінші күні «Менің жетістігімнің тарихы» жетістікке жеткен ауыл әйелдерінің жетістіктер тарихы шеруінен басталды. Онда маңғыстаулық жеке кәсіпкер Түймеш Абдулаева «Менің жетістігімнің тарихы» номинациясының лауреаты атанды. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында 1998 жылдан өз кәсібін асхана ісімен бастаған Түймеш Базарқызы бүгінде нан өнімдерін өндіретін «Бекзат» наубайхананың иесі, мектеп асханаларында тамақтандыру қызметін де көрсетеді. Кәсібін 2008 жылы заман талабына сай жабдықтап, Түрік елінен әкелінген құрылғылар орнатып, қызметкерлерін арнайы технолог мамандардан тәжірибеден өткізген Түймеш Базарқызын кәсіп бастауға итермелеген де қиындықтар еді. Жолдасынан ерте айрылғаннан кейін, балаларды аяққа тұрғызу, заманға ілесу, көшті алып жүру сияқты жауапкершілік ана мойнына жүктеледі. Бүгінде 20-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер. Сонымен қатар, адал жар, ардақты ана бола білген Түймеш Базарқызы - Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Маңғыстау ауданы бойынша төрайымы. Италияда іскерлік сапарлармен болып, Дубай Ислам-Экономикалық форумына қатысқан. Қазақстанның үздік тауарлар көрмесіне қатысып, үздік кәсіпкер атанған жан. Форумның салтанатты шарасында форум қатысушыларына өз салаларында жеткен жетістіктері үшін Алғыс хат табыс етілді. Солардың бірі - Қарақия ауданы, Құрық ауылының пошта бөлімше бастығы қызметін атқарып келе жатқан, «Құрметті байланысшы» төсбелгісінің иегері Еламанова Тойдық Шыңғысханқызы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағаливтің Алғыс хатын алды. Байланыс саласында 41 жыл еңбек етіп келе жатқан Тойдық Шыңғысханқызы бүгінде аяулы жар, ардақты ана, сүйікті әже. Кезінде әкесі де осы салада 20 жылдай қызмет атқарған. Өмірінің 41 жылын осы байланыс саласына арнаған ардақты жан құрметті демалысқа аттанар алдындағы бұл сапардан ерекше әсермен оралғанын жеткізді. Форум аясында «Соса-Сola белестері» үздік жобалар байқауына қатысқан 51 әйелдің жобаларына қолдау білдірді. Былтырғы бірінші форумның қорытындысы ретінде «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты 100 ауыл әйелінің жетістіктер тарихы айтылатын кітабының тұсауы кесіліп, таныстырылымы да өтті. Аталған кітапқа Маңғыстаудан Шетпе ауылының кәсіпкері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Маңғыстау аудандық филиалының төрайымы - Абдуллаева Түймеш, «РАЙ» ҮЕҰ жетекшісі - Бекманова Райхан, «Агроррост» Ассосациясының Президенті - Жайынбаева Нұрсәуле, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылындағы «Байболат» шаруа қожалығының жетекшісі - Ізтұрова Тәжіхан, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі - Молдашева Жанбибі, жаңаөзендік «АйшаЭ.Р.» жеке кәсіп иесі - Құдайбергенова Эльмира сынды әйелдердің жетістікке жету жолындағы еңбектері енген. Сондай-ақ, форумның екінші күні секциялық жұмыстарда түрлі мәселелер талқыланып, қатысушылар «форум–театар» жобасы, кәсіпкерлерге арналған фокус топ, қалаға саяхатқа 3 топқа бөлініп, форумды қорытындылады. «Ауыл әйелі» десе, алдында өріске айдалатын малын сауып, күйкі тірліктің отымен кіріп, күлімен шығатын суреттемеге қарама-қайшы әйелдерді форумда кездестірдік. Ауылда отырып, өз ісінде із қалдырып, кәсібін дөңгелеткен ауыл әйелдерінің қала әйелдерінен еш айырмасы жоқ, тек сәл демеу болса болғаны. Тірліктің сан күйбеңін, отбасы алдындағы аналық міндетін қатар алып жүре, елге де қызмет етуге болатынын мойындатқан форумға қатысушы 200-дің үстіндегі әйел ауылда бизнесін бастап, қалада қанат жайған. Бірінің берекелі бизнесі бар, бірі – азаматтық қоғамды қалыптастырушы, бірі – әкім, бірі – мүгедек бола тұра, өмірге құлшынысы жоғары, бір кәсіпті игерген жігерлі. Бірі – меценат, қайырымдылық жобалары арқылы өзін ғана емес, өзгенің де мәселесін шешуде. Бір шаңырақты емес, бүтін елді тәрбиелеп отырған ел аналары форумның мақсатын айқындап берді.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

Елорда. Форум. 7-8 қараша 2019 жыл

1643
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

«Университет – ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті

Келесі жаңалық

Маңғыстаулық құсбегілер халықаралық сайыстан олжалы оралды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2597

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    2583

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    5734

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    4577

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3113

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    2856

    Рубрикалар

      Аудан тынысыТағайындауБайланыс мәліметтеріБіле жүріңізРедакцияАНТИКОРРедакция газеттеріБайқауЖарнамаРухани жаңғыруСпорт

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақкетікте І қайырымдылық балы өтеді

    [ 2019 ] 19 қараша, 09:47
    2355

    Мұрын жырауға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек

    [ 2019 ] 13 қараша, 11:11
    2123

    Форт-Шевченко қаласындағы орталық емханада семинар өтті

    [ 2019 ] 9 тамыз, 05:00
    1813

    Түпқарағанда 600-ден астам адам тұрғын үй кезегінде тұр

    [ 2019 ] 25 шілде, 08:21
    1622

    Түпқараған ауданында кәсіпкерлер көбейіп келеді

    [ 2019 ] 13 маусым, 05:53
    1510

    «Маңғыстау жұлдыздары» - Түпқарағанда

    [ 2019 ] 6 мамыр, 06:59
    1488

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»