Маңғыстаулық құсбегілер халықаралық сайыстан олжалы оралды
[ 2019 ] 12 қараша, 10:33 | Қоғам
Маңғыстаулықтар халықаралық «Ұлы дала мұрасы» атты құсбегілер сайысынан күміс және қола жүлдені иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 8-10 қараша күндері Қарағандыда өткен игі шара Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұйымдастырылды. Сайысқа елдің барлық өңірінен және Моңғолия, Қырғызстан елдерінен келген 80-ге жуық бүркітші қатысты. Ал Маңғыстау облысы атынан сайысқа Аушуақ Тайманов екі шәкіртімен қатысты. Екі күнге созылған дүбірлі додада құсбегілер қыран құсты қияға самғатып, қолына қондырып және шырғаға салды. Сондай-ақ сайыста саятшылардың киім үлгісі де әділқазылар алқасының назарынан тыс қалмаған. Нәтижесінде маңғыстаулық Айшуақ Асылжанұлы бастаған құсбегілер 2 және 3-орындарды қанжығасына байлады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті Айшуақ Асылжанұлы ұсынды
945
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.