• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Түпқараған ауданында кәсіпкерлер көбейіп келеді

[ 2019 ] 13 маусым, 05:53  |  Экономика

Бірегей жоба ретінде танылған «Бизнес 3 күнде» жобасы Түпқараған ауданында өз жалғасын табуда. Осыған дейін сәуір айында жарық көрген газетіміздің санында облыс орталығында бастау алған жобаның ауданда жалғасын тауып жатқанын жазған болатынбыз. Алдыңғы лекпен жағдайсыз, мүгедек бала асырап отырған жалғыз басты аналар санатынан 3 отбасы жоба аясында өздерінің брэндттерімен өнімдерін шығарып, кәсіптерінен нәсіп алуда. Күнкөрісін жақсарту, өмір сапасын арттырып, аяқтан тұруға бастау болар жобаның қатысушысы болғысы келетін ниеттілер де көп. Алайда арнайы құрылған штаб әр отбасының жағдайымен танысып ғана қоймай, ол отбасының қандай да бір кәсіпке икемі барын анықтап, одан қандай бизнес жасауға болатынына жол салады. Жоба қатысушысы болып іріктелген кезде барып, қатысушыға демеуші компания арқылы сол бизнесті бастауға керек заттары алып беріледі. Ертесіне кәсіпті бастаушы өз өнімдерін сатуға шығаруға міндеттеледі. Ал өнімнің сатылымын ұйымдастыруға көмек, ақпараттық қолдау тәрізді көмектерді жергілікті әкімдік пен бірлескен штаб мүшелері көрсетеді. - Әр отбасында орташа есеппен 6-8 адам деп алғанда, шамамен 600-ге жуық адамның әлеуметтік жағдайы жақсарды деген сөз. Бұл жобаның барлық әлеуметтік жобалардан ерекшелігі - халыққа балық емес, қармақ беру, - дейді жоба жетекшісі Айжани Нұрланова. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Бизнес 3 күнде» кәсіпкерлік жобасының аясында өңірде 370 жаңа кәсіп ашуды тапсырған болатын. Бұл жоба өңірдің барлық аудан, қалаларында қарқынды жүзеге асып жатыр. Жыл аяғына дейін 1000 отбасының кәсіп ашуына мүмкіндік жасау жоспарлануда. «Бизнес 3 күнде» кәсіпкерлік- жобасында желілік маркетинг тәсілдері пайдаланылады. Үй жағдайында бизнес ашып, кәсібін тұрақтандырған азамат, тағы 5 азаматқа кәсіп ашуына көмектессе, әр адам үшін сыйақы беріледі. Дәл осындай жағдайсызға демеу болар, кәсіп бастайтынға көмек болар жобаны біздің аудан да жалғастырып жатыр. Аудан бойынша тіркелген жағдайсыз отбасылардың алдымен тізімі жасақталып, тізім бойынша отбасыларға штаб арнайы барып, кейін сол арнайы комиссия қорытындысы негізінде отбасыларға қажетті құралдары «Бузачи Оперейтинг Лтд» компаниясының демеушілігімен алып беріліп, жоба жүзеге асуда. Түпқараған ауданы әкімдігі жанынан құрылған жобаны жүзеге асырушы штаб мүшелері мен аудан әкімі Айдос Хамиев және жоба демеушісі «Бузачи Оперейтинг Лтд» компаниясының бас директор аппаратының басшысы Арман Адырбаев жоба қатысушыларына кәсіп ашуға қажетті құралдарды өткен аптада арнайы барып тапсырды. Форт-Шевченко қаласында тұратын көп балалы отбасының отағасы Жексенбаев Жақсылық өзіне кәсіпке керек техникалық құралдарды табыс еткен демеушілер мен облыс әкімдігіне отбасының атынан алғысын жеткізді. Алты баланың әкесі Жақсылық ағаштан тұрмыстық бұйымдар жасап, үстелдер, ас үй бұйымдарына қажетті заттарды жасаумен айналысады. Жоба аясында ол ағаш өнімін кесетін құрылғылар мен материалдар алды. Өз кезегінде штаб мүшелері жоба бойынша көрсетілетін қолдаулар туралы түсіндірді. Ал осы жобаның түпқарағандық тағы бір қатысушысы «Муслима» брэндінің өнімдерін ұсынушы Гүлжихра тәттілерін сатылымға шығарды. Брэнд авторы жобаға қатысушы атанған сүйінші хабарды естіген күні Муслима есімді қызды дүниеге әкелген. «Әр бала несібесімен» дегендей, перзентханадағы қос қуаныш осылай Муслима аталды. Бөбектің бауы берік болуын тілеп, тәттілерін өндіру үшін керекті сапасы өте жоғары пеш пен миксер, түрлі қалыптарды арнайы үйіне барып табыс еткен аудан әкімі Айдос Хамиев пен демеуші компанияға және осы жобаны жүзеге асырып, идеяны ұсынған облыс әкіміне ерекше алғысын жеткізді. Осыған дейін арман болып келген қымбат миксер мен қымбат көлемді пешті осы жоба арқылы алғаны күтпеген қуаныш екенін көзіне жас алып тұрып, тебіренісін жасыра алмады. Гүлжихрадан бөлек, тәттілер пісіретін кондитерлік өнім өндіргісі келетін жұмыссыз, көп балалы ана Игілікова Жансаяға, жұмыссыз Таңатова Әдемханға да осындай пеш пен миксер, түрлі тәтті нандар пісіретін қалыптарды табыс етті. Сондай-ақ бұл жобаға бала жастан мүмкіндігі шектеулі азамат Ізбасаров Аманғалиға бейне, фото түсіруге арналған соңғы үлгідегі цифрлі аппарат барлық құрал- жабдықтарымен жоба аясында сыйға тартылды. Жобаға дейін де өзінің ескі фото- аппаратымен табыс тауып жүрген Аманғали жаңа фотоаппарт пен штатив, т.б. қосалқы құрылғыларды тарту еткен жоба авторы, облыс әкімі Ералы Лұқпанұлына және жоба демеушісі «Бузачи Оперейтинг Лтд» компаниясына алғысын білдірді. Дәл осы санаттағы 3 топ мүгедектігіне қарамай талпыныспен табыс тапқысы келетін Баутин ауылының тұрғыны Зарина Тажиковаға да аталмыш компания бет әрлеп, табыс табуға мүмкіндік беретін макияж жасауға қажетті косметикалары мен базасын алып берді. Сондай-ақ Қожабекова Айгүлге тігін мәшинесі мен оберлок аппараты, қолы шебер Балтабеков Мирасқа ағаштан өнім жасау үшін құралдар алып берілді. Осылайша, өңірдің әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылары жаппай жеке кәсібін ашуда. Небәрі 2 күн ішінде «Муслима», «Жансая» брендімен нан өнімдерін шығара бастады. Күнделікті тауарларын супермаркеттерге жөнелтіп, жеке тапсырыстарды орындап жатқан бұл кәсіп бастаушылар күніне жобамен 20-25 мың теңге табыс табуда. Осыған дейін бірінші толқынмен жоба аясында кәсібін ашқан «Балданай тәттілері» мен «Маусымжан», «Сәуле» брэндтері Жаңаөзен, Ақтау қалаларында, облыста өткен үлкен жәрмеңкелерде тауарларын көпшілікке ұсынған болатын. Тұрғындар кәсіпкерлердің қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріне көз жеткізіп, олардың өндірген тауарларын сатып алды. Аналардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Ералы Тоғжанов та барып, көрмені аралады. Аймақ басшысы да кәсіпкер-аналардың өнімін сатып алған еді. Күні кеше өткен 9 маусым – ҚР Президентін сайлау кезіндегі аудан орталығы Форт- Шевченко қаласындағы учаскелер алдында «Муслима», «Жансая» брэндттері өз өнімдерін сатты. Алдағы аптада Таушық ауылында да осы жоба қатысушыларына құралдары табыс етіледі деп күтілуде.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

1545
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
экономика аудан тынысы түпқараған
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Бизнес 3 күнде: кәсібін нәсібіне айналдырғандар

Келесі жаңалық

Электронды сауданың қыр-сыры

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Түпқараған ауданында кәсіпкерлер көбейіп келеді

    [ 2019 ] 13 маусым, 05:53
    1546

    Рахат Елтизаров шаруа қожалықтарын аралады

    2 тамыз, 19:21
    1080

    Түпқарағанда балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

    15 шілде, 12:31
    1869

    Басқұдық ауылының тұрғындары көптен алынбаған қоқыс қалдықтарынан сасық иіс шығатынын айтты

    11 маусым, 10:14
    2329

    Түпқарағанда ауданаралық көлік жолы 5 жылдан бері неге аяқталмай тұр?

    16 мамыр, 16:28
    2823

    Тұщықұдықтағы өнегелі отбасы

    15 мамыр, 11:32
    4632

    Рубрикалар

      Байланыс мәліметтеріанонсФотоРедакцияРедакция газеттеріӘлем жаңалықтарыРухани жаңғыруРедакция туралы

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақкетікте І қайырымдылық балы өтеді

    [ 2019 ] 19 қараша, 09:47
    2385

    Мұрын жырауға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек

    [ 2019 ] 13 қараша, 11:11
    2163

    Елордада өткен ауыл әйелдерінің II форумына облыстан 12 делегат қатысты

    [ 2019 ] 12 қараша, 09:18
    1678

    Форт-Шевченко қаласындағы орталық емханада семинар өтті

    [ 2019 ] 9 тамыз, 05:00
    1844

    Түпқарағанда 600-ден астам адам тұрғын үй кезегінде тұр

    [ 2019 ] 25 шілде, 08:21
    1649

    «Маңғыстау жұлдыздары» - Түпқарағанда

    [ 2019 ] 6 мамыр, 06:59
    1525

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»