©
Маңғыстауда 21-24 мамыр аралығында сот органдарының шешімімен 113 шетелдік Қазақстаннан шығарылып, 1101 шетелдіктің Қазақстанда уақытша болу мерзімі қысқартылды. Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғандар республикалық «Заңсыз келуші-2018» жедел профилактикалық іс-шарасының 1-кезеңінде анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
4 күнге созылған шараға ішкі істер органының 134 қызметкері жұмылдырылып, 19 бірлескен ұтқыр топ құрылған.
Профилактикалық шара кезінде Қазақстанның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 1232 шетелдік пен қоғамдық орындарда тиіскені үшін 2 шетелдік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ шетелдiктерді қабылдау ережесін бұзған 87 қазақстандық пен шетелдiк жұмыс күшiн заңсыз пайдаланған 49 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Нәтижесінде 111 азамат уақытша қамаққа алынып, 113 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Қылмыстық кодекстің 393 бабы шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны, 392 бап 1 тармағы ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өткені үшін 10 шетелдікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ полицейлер тонау, ұрлық, аляқтық бойынша іздеуде жүрген 3 күдіктіні ұстаған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ