Ағымдағы жылдың 19 тамыз күні Ақтау қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Маңғыстау аймағындағы қылмыстық топтың 4 қатысушысына қатысты бұлтартпау шарасын тағайындады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер Министрлігі қызметкерлері ұстаған күдікті деп танылғандар 2 айға қамауға алынды. Ауыр қылмыстарға күдікті топ мүшелері Б. Сүйіндіков, Г. Әбішпаев Н. Нұржанов екені қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында мәлім болды. Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 29 шілде күні Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер Министрлігі бірлескен арнайы операция барысында қылмыстық топтар құрықталған еді. Шара аясында бірнеше қару-жарақ, оқ-дәрі сондай-ақ, ауқымды сомада ақша тәркіленген болатын.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ