Ақтау қаласында жедел профилактикалық іс-шара кезінде 34 жезөкше мен 2 «жеңгетай» анықталып, есепке қойылды, - деп хабарлайды Mangystaumedia.kz сайты.
22-26 қараша күндері өткен шара кезінде түнгі клубтар, жалдамалы пәтерлер, моншлар тексерілген.
«Нәтижесінде 5 қылмыстық іс тіркелді. Соның ішінде, ҚР Қылмыстық кодекстің 309 бабы жеңгетайлықпен айналысқаны үшін 3 факті, 308 бабы жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін 1 факті, 128 бабы бойынша адам саудасы үшін 1 факті тіркелді», - деп хабарлайды Полиция департаменті.
https://www.youtube.com/watch?v=ke4tloyMNgcСонымен қатар, ҚР ӘҚтК 449 бабы қоғамдық орындарда тиіскені үшін 7 адам жауапқа тартылып, 1 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Айгерим МУФТУЛЛАЕВА
Видеоны түсірген Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Көрнекі сурет сайттың архивінен