Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мадина Рахметова хабарлады.
- Облыс көлемінде 2021 жылдың 3 ақпаннан 2022 жылдың 28 ақпан аралығында 1 компонентімен 208 089 адам, 2 компонентімен 192 062 адам екпемен қамтылды. Тұрғындар оның ішінде Гам Ковид Вак (Спутник V), КазВак, КороноВак, VeroCell –мен егілген, - деді Мадина Рахметова.
«Комирнати» вакцинасының 1-ші компонентімен - 11 604 адам егілді. Оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер – 6 316, бала емізетін әйелдер – 3 672, жүкті әйелдер – 1 615, тағы басқалары – 1. 2-ші компонентімен – 7 655 адам егілді, оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер – 4 378, бала емізетін әйелдер – 2 250, жүкті әйелдер – 1026, вахтыда жұмыс жасайтындар – 1.
Маңғыстау облысы бойынша ревакцинациямен – 33 541 адам егілді. Облыс аймағына 2000 доза көлемінде Спутник Лайт(Sputnik Light) вакцинасының алғашқы партиясы ағымдағы жылдың 24 қаңтарында жеткізілді.
Өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясы тіркелмеді.