Шетпедегі кейбір көше бойына асфальт салынды
[ 2019 ] 11 желтоқсан, 06:14 | Қоғам
Шетпе ауданындағы көше бойына қатқыл табанды жол салынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
«Бірнеше жылдан бері Ә.Жұбаев атындағы көше тұрғындары жол мәселесін көтеріп жүрген болатын. Тұрғындар тілегі орындалып, күні кеше ғана көшелеріне жол салынды», - деп жазылған аудан әкімдігінің фейсбук парақшасында.
Маңғыстау ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, басқа көшедегі 8,7 шақырым жолды асфальттауға жобалық сметалық құжаттарын жасақталады. Оған 2020 жылғы жоспар бойынша қаржы қаралды. Бұл жұмыстар кезең кезеңімен жалғасын табады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Оқи отырыңыз: Көзді қалай күту керек?
2986
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.