Ақтау қаласының 56 жылдығына орай Абай атындағы демалыс-мәдени кешенінде мерекелік концерт өтті. Өлкеге белгілі өнерпаздар әуезді ән шырқап, мың бұрала би биледі. Сонымен қоса ақшаңқан Ақтау шаһары бой көтерген жылдар желісі сахналанған қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Көңілді іс-шараны қала тұрғындары мен қонақтары, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қызметкерлер тамашалады. Мерекелік кешке арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="85583,85590,85584,85582,85585,85581,85591,85586,85587,85588"]