Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты, Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен өлкенің тума таланты, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, туған жер киесі, дархан дарын иесі, Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына, Ақтау қаласының 56 жылдығына орай, «Әбіш оқулары» атты ақындар мүшәйрасы өтті. Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы жастардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаламыздың жоғары, техникалық және кәсіптік оқу-орындарының студенттері қатысып, екі кезең бойынша сайысқа түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар Әбіш Кекілбайұлының кез-келген шығармасын жатқа оқыса, екінші кезеңде «Әбіш оқулары» тақырыбындағы өз төлтума туындысын оқыды. Байқау соңында кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы байқауды қортындылап, жеңімпаздарды арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Қазылар алқасының шешімімен І орынға - №1 мектеп оқушысы Ермұрат Сахына, ІІ орынға – «Болашақ» колледжінің студенті Динара Әмірбек, ІІІ орын - АУТК колледжінің студенті Жәнібек Қалмағамбетов ие болды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ