• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 4 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Өңірде алғаш рет «Қыз Жібек» операсы қойылды

    [ 2019 ] 29 қараша, 12:43  |  Жаңалықтар

    Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің сахнасында алғаш рет Ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Қыз Жібек» операсы Маңғыстау жұртшылығына ұсынылды. Ұлтымыздың музыка өнерінің інжуі  атанған шығарманы көруге халық көп жиналды. 1,5 сағат жанды дауыста орындалған опера көпшіліктің көңілінен шықты. Аудандардан келген құрметті қонақтар шығармашылық топтың жұмысына жоғары бағасын берді. Осыдан 85 жыл бұрын тұңғыш жарыққа шыққан «Қыз Жібек» операсы бірден ұлттық музыкалық өнердің інжуі атанған-ды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ескі дүниені жаңғырту бағытында қазақ фольклорының классикасы саналатын операны алғаш рет Маңғыстауда сахналау идеясын Абай атындағы мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Маргарита Омарова ұсынған болатын. - Бастаманы жүзеге асыру Ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Жақсылық Нұрхожаевқа ұсынылды, - дейді М.Омарова. - «Жастар жылы» және Абай атындағы МДК 45 жылдығына арнап ерекше тосын сый әзірлеу мақсатында  осынау  үлкен жоба  ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қолға алынған еді. Ал оны жүзеге асырып, жоғары деңгейде орындап шығу үшін Н.Жантөрин атындағы облыстық драма-театрының әртістері, Маңғыстау өнер колледжінің студентер хоры, кешеннің шығармашылық ұжымдары ат салысып, бірлесіп үлкен жұмыс атқарды. Спектакльдің қоюшы режиссері ретінде Н.Жантөрин атындағы облыстық драма-театрының  актері Айбек Иманқұлов шақырылды. Ол осынау ерекше ұсынысты қуана қабылдап, қолдау көрсетті. Ал екінші режиссер ретінде көмек көрсету Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің бас режиссері Зейнаб Зиятоваға тапсырылды. Қойылымды музыкамен әрлеген ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі әрі дирижері Жақсылық Нұрхожаев. Дайындық жұмыстары жаз бойы жүргізілді. Алдымен музыкалық портитуралар жазылып, жеке әншілерді тағайындау жұмыстары жүргізілді. Одан кейін әншілер  оркестрдің сүйемелдеуімен партияларды орындап жаттықты. Би қойылымдары пысықталды. Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің сахнасы қойылымға арнайы әзірленді, нағыз операдағыдай оркестрлік шұқыр дайындалды. Жарық, жанды дауыстағы музыка — барлығы жоғары үйлесімде жасалған. Оқи отырыңыз: Ақтауда ақынға арналған кеш өтті Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббаты суреттелген операның либреттосын драматург-жазушы Ғабит Мүсірепов, ал музыкасын Евгений Брусиловский жазған. Туынды алғаш рет дүйім жұрттың назарына 1934 жылы ұсынылды. Содан бері оны елімізге танымал әртістер сомдап келеді. Ал бүгінде Маңғыстаудағы алғашқы премьерасында Төлегенді ұлт-аспаптар оркестрінің әншісі Жасұлан Таласбеков, Бекежанды ұлт-аспаптар оркестрінің әншісі Ғабит Берғамбет, ал Жібектің партиясын  облыстық музыкалық-драма театрының актрисасы Мөлдір Зікірбай сомдап шықты. Әрине, қатысушылардың барлығы кәсіби опера әншілері емес, соған қарамастан, тыңғылықты дайындықтың арқасында жоғары деңгейде алып шықты. Сонымен қатар,  облыстық филармония әншісі Екпін Толқынхан, облыстық музыкалық-драма теарының актерлері Жансая Аббас және Ратбек Абзал, ұлт-аспаптар оркестрінің домбырашысы Айсұлу Атабаева, «Өркен» жастар театрының шәкірттері Жанель Маратқызы және Сара Солтанбек, «Маэстоза» классикалық вокал ұжымы, (жетекшісі Айман Берікбаева) өз рөлдерін керемет алып шықты. Маңғыстау өнер колледжінің студентер хорының жетекшісі Анаргүл Сарғожаеваны, би қойылымдарын  әзірлеген, үлгілі би ұжымдары «Настроение» (хореографы Зейнаб Зиятова), «Ақкербез» (хореографы Әлия Ербозова), халықтық ұжым «Аққу» би ансамблін және үлгілі «Колибри» сән театрын (хореографы Дияна Уликова) атамай кету мүмкін емес, деген Маргарита Омарова Алтын қордағы асыл мұраға жататын туындыны сахналауға ат салысқан облыстық музыкалық-драма театрының әртістеріне, кешеннің шығармашылық топтарына, Маңғыстау өнер колледжінің студентер хорына және шығармаға жан бітіріп, үн қосқан ұлт-аспаптар оркестріне алғыс айтты.

       Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="89052,89045,89048,89047,89050,89046,89051,89049"]
    1863
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам мәдениет маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Маңғыстау-Бейнеу» бағытындағы қосымша пойыз жолға шықты

    Келесі жаңалық

    Серікбай Трұмов өңір жастарымен кездесті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Өңірде алғаш рет «Қыз Жібек» операсы қойылды

      [ 2019 ] 29 қараша, 12:43
      1864

      Тұрақтылық бар жерде татулық орнайды

      [ 2017 ] 1 мамыр, 10:35
      1911

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      4895

      Үңгірге кірсең үрікпе

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 13:26
      5434

      «Шыңырау» фильмі Үндістандағы кинофестивальге қатысып жатыр

      [ 2019 ] 10 желтоқсан, 09:52
      2305

      Ұлы Абайдың ұрпағы Ақтауда тұрады

      [ 2017 ] 11 қыркүйек, 12:48
      3240

      Рубрикалар

        Маңғыстау жаңалықтарыАуыл өміріМәдениетРухани жаңғыруҚоғамТүпқарағанЖастар бетіРедакцияСаясат

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2286

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2402

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2837

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2646

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2216

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2836

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»