Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов өңір жастарымен кездесіп, еркін тақырыпта сұхбат құрды. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жиында жастар жағы «Жастар жылы» аясында атқарылған жұмыстары жөнінде баяндап, өңірге тиесілі өткір сұрақтарын ортаға салып, өз ұсыныстарын айтты. Аймақ басшысы Серікбай Трұмов: "Маңғыстауда өз білімі мен күш-жігерін елдің жарқын болашағына арнаған талантты және мақсатқа ұмтылған жастар өте көп. Оның ішінде ауыл жастары да өте белсенді. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз" деді. Сонымен қатар, кездесу соңында 2020 жыл «Еріктілер» жылы талқыланып, келер жылға өңір басшысы сәттілік тіледі.