«Маңғыстау-Бейнеу» бағытындағы қосымша пойыз жолға шықты
[ 2019 ] 29 қараша, 12:36 | Жаңалықтар
Бұл туралы «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінің басшысы Нұржан Джубанисов хабарлады.
«Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша жүретін қосымша пойыздар кеше, 28 қараша күні Бейнеу стансасына бет алды.
Пойыз құрамында 3 плацкарт, 1 купе вагоны бар. 205 нөмірлі «Маңғыстау-Бейнеу» бағытында жергілікті уақытпен 21:50-де жүреді, жолда жүру уақыты 8 сағат 15 минут. Ал 206 нөмірлі «Бейнеу-Маңғыстау» бағытында жергілікті уақытпен 19:30-да жүреді, жолда жүру уақыты 8 сағат 40 минут.
Бұрын хабарлағанымыздай, Маңғыстаудан шығатын пойыздар 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Оқи отырыңыз: Жаңаөзен клиникаларында оң өзгерістер көп
4297
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.