Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры желтоқсан айындағы сахна шымылдырығын Қ.Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясымен ашқалы отыр. 4 желтоқсан күні «Күтпеген махаббат» комедиялық мелодрамасы көрермен назарына ұсынылады. 6 желтоқсанда С.Цвейгтың «Измена» мономелодрамасы сахналанса, 7 желтоқсан күні «Ақшақар және жеті ергежейлі» ертегісінің премьерасы өтеді. 8 желтоқсан күні маңғыстаулық тұрғындар «Ханума» поп-арт-комедиясын тамашалайды. Ал Иран-Ғайыптың «Диоген мен Ескендір» әфсанасы 11 желтоқсан күні сахналанады.
13 желтоқсанда «Ақбөбек» драмасы өнерсүйер қауымның назарына ұсынылады. 14 желтоқсан күні «Ірімшік құмар тышқандар» ертегісінің тұсауы кесіледі. Ал 15 желтоқсанда «Әлиханның аманаты» атты реквиемі көпшілікке көрсетіледі. 20 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында жаңа жылдық ертеңгіліктер өтеді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА