Ақтауда «Алтын шуақ» облыстық драма ұжымдарының байқауы басталды
[ 2019 ] 25 қыркүйек, 07:18 | Қоғам
Бүгін, 25 қыркүйек күні Ақтауда Қазақстанның Еңбек ері, халық жазушысы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған «Алтын шуақ» облыстық драма ұжымдарының байқауы басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Байқаудың негізгі мақсаты – көркемөнерпаздардың қабілеті мен мүмкіндіктерін көрерменге көрсету, драмалық жанрдың репертуарлық базасын нығайтып, оның дамуына ықпал ету. Сонымен қатар қойылымдардың көркемдік идеялық деңгейін арттыру.
Шараға Маңғыстаудың әр ауданынан келген 10 драма ұжымы бақ сынауда. Олар заңғар жазушы Әбіштің көркем туындыларын насихаттап, сахнада театрландырылған қойылым қояды. Жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="85720,85721,85722,85723,85724,85725,85726,85727,85729,85730"]
1270
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.