• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 22 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Жастар жылынан не күтеміз?

[ 2019 ] 10 қаңтар, 06:13  |  Қоғам

©

Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын.                                                                                                                          Н.Ә.Назарбаев
 

Биылғы жыл жастар үшін айрықша мәнді болатыны рас, жастардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін шараларға бөлінген қаржы ұлғайып, аймақтардағы инфрақұрылымның сапасы жоғарылайды, ал жастар мәселелері еліміздің барлық бағытының саясатында елеулі түрде ескеріліп, жас қазақстандықтарды қолдау жүйесі жетілдірілетін болады. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Ал сіз жастар жылынан не күтесіз? Жаңа мүмкіндіктерді асыға күтіп отырған жастарға қандай тың идеялар қоса аласыз? Осы сұрақтар төңірегінде сауалнама жүргізген болатынбыз. Қоғам пікірі төмендегіше өрбіді.

Еркін Мәжитов, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Жастар келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Олар — еліміздің дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастырушылар. Елбасымыздың 2019 жыл — жастар жылы деп атап көрсетуінің басты себебі осында жатыр. Қазақта “білекті бірді, білімді мыңды жығады“ деген аталы сөз бар. Бұл мақалдың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Әлемнің озық елдерінің қатарына енуді көздеген біздер алдымен білімімізбен оза шабуымыз керек. Бұл жөнінде Елбасымыздың халыққа арнаған әр Жолдауында түсінікті, әрі нақты айтылған. Мемлекетімізде жастарға қолдау тек осы жылы ғана емес, бұған дейін де болып келді. Олардың білімі, жұмысы, баспанасына дейін көңіл бөлінді. Осындай жағдайы жасалған елімізде өмір сүретін әр адамның балабақша жасынан бастап білімге құштар болуына алдымен ата-ана мен педагог жауапты. Осы тұста айта кететін тағы бір жәйт, Елбасы Жолдауында назар аударған маңызды мәселе — ол педагогтердің сапасы мен біліктілігін арттыру. Ол «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», — деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды. Бұл орайда Н.Ә.Назарбаевпен мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, 12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік және техникалық білім беру, жоғары білім берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университет сынды орындар алға қойылды. Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр.

Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Техника қарыштап дамыған заманда білімсіз күнің қараң. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз. Айтылған сөздерді қорыта келе жастар жылы жастарға берілген мол мүмкіндік деп білуіміз керек. Ойы ұшқыр, білімді, білікті жастар қашанда биікте болатынын ұмытпаң. Қашанда болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «Қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екенімізді естен шығармайық! Ел ертеңi — бiлiмдi жастар.

Аллаберген Қонарбаев, аудандық жастар орталығының басшысы:

- Мемлекет басшысының ұсынысымен 2019 жыл — жастар жылы деп жарияланды. Елбасымыздың бұл саясатының астарында еліміздің болашақта тізгінін жастардың ұстайтынын ұғындыру, еліне жанашыр азаматтарды тәрбиелеу бар. Біз еліміздің болашағы жастар деуден еш жалыққан емеспіз. Менің ойымша, осы жылы жастардың назарын рухани құндылықтарға аударуымыз қажет. Өйткені қазір жастар көбіне материалдық құндылықтарға басымдық беріп жатады. Жастарды азаматтық, қоғамдық жұмыстарға тартуымыз қажет. Ең бастысы, олардың өз құқы үшін күресе алатындай мүмкіндік қарастыру. Елінің болашағына жаны ашитын тұлғаны қалыптастыру балабақша қабырғасынан бастап әр адамның басты парызы болып есептелу керек. Аудандық жастар орталығында 2018 жылы біраз жұмыстар атқарылды  деп  айтсам,  қателеспеймін. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын бағдар қылып, талай үлгілі істі атқардық. Орталықтағы еріктілер аудандағы жасы үлкен ардагерлерге, жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен, басқа да қол көмектерімен көмектесті. «Үлкенге құрмет—кішіге міндет» демекші, қолғабыс етуден жалықпаған олардың ізеттіліктеріне ел сүйсінді. Елбасымыз ұсынған жастар жылы да осындай игі шараларға жастарымыз белсене қатысса екен дейміз. Жат қылық, жаман әдеттен аулақ болуға шақырамын. Өйткені, тағы да айтамын еліміздің болашағы – дені сау, білімді ұрпақтардың қолында.

Аққалам Дүйсембаева, ардагер ұстаз:

- Елбасымыздың ұсынған жастар жылын бәтуасы жоқ жиналыстар мен еш пайдасы жоқ форумдар мен флешмобтарға арнамау керек. Керісінше “2019 жылы не бітірдік?” деп есеп бергенде ауыз толтырып айтарлықтай істердің атқарылатын уақыты келді. Жастарды аудиторияға жинап алып, маңызы жоқ форумдар өткізуге қарсымын. Мені сондай жиындарға жиі шақырады, ұялғаннан барамын. Жасымыз келген адамбыз, көргенімізді, көкейге түйгенімізбен бөлісейік деп барсақ та іш пыстырарлық жиындардан жастар ештеңені тыңдап та жарытпайды. Сондықтан ондай форумдардың тиімділігін көрмедім. Жастармен жұмыс істеудің форматын түбегейлі өзгерту керек. Себебі бүгінгі жастың ақпаратты қабылдау қабілеті мүлде бөлек. Биыл жастарға артылған сенім мен мүмкіндік ұшан-теңіз. Мұндағы жауапкершілік, алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін олар барлығына да дайын болу керек. Ол үшін тың жобалар, креативті идеялар, қызықты шаралар бастама ретінде жастардан шығуы қажет.

Айгүл РАХМЕТОВА

1032
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам жастар беті аудан тынысы маңғыстау
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Алда да жеңіс тұғырын бағындырамыз

Келесі жаңалық

Азаматтықтың көрінісі

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Сапалы қызмет – басты міндет

    [ 2020 ] 12 тамыз, 16:53
    1313

    Сахна киелі орын

    [ 2020 ] 12 тамыз, 15:32
    2559

    Самбоны серік еткен Салауат

    [ 2020 ] 12 тамыз, 14:20
    1314

    Маңғыстау ауданында «Coworking» орталығы ашылды

    [ 2019 ] 14 тамыз, 06:06
    1016

    Жастар жылынан не күтеміз?

    [ 2019 ] 10 қаңтар, 06:13
    1033

    Жастарға бағдар

    [ 2017 ] 12 мамыр, 13:29
    774

    Рубрикалар

      ЭкономикаӘдебиетҚарақияМаңғыстауСпортРедакция ұжымыСаясатАшық қоғамХабарландыруҚұқықТағайындауҚызық дерек

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    432

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    640

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    576

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1217

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    758

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    580

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»