Құрметті Қазақ елі, бар шаңызды жаңа 2019 жылмен құттықтаймын! Елімізге тыныштық, халқымызға амандық тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі өркендеп өсе берсін. Еш жамандық болмасын. Еліміздің барлық сала мамандарына үлкен жеңістер тілеймін.
2018 жыл Маңғыстау облыстық Джиу-Джитсу федерациясы үшін табысты әрі сәтті жыл болды. Шәкірттеріміз түрлі республикалық, халықаралық, әлемдік додаларда топ жарып жүлде алды. Ерлер құрамы да, қыздар құрамы да өте жақсы көрсеткіштер көрсетті. Төрт жылда бір өтетін Азия ойындарында облысымыздың құрама мүшелері чемпион болды. Сондай-ақ жерлестеріміз күміс және қола медальдарды қоржынға салды. Кешегі өткен әлем чемпионатында 53 мемлекеттің ішінде мықты спортшылардың арасынан біздің жігіттер де озып шықты.
Жылды қорытындылай келе біз – спортшылар былтырғы жетістіктерге ризамыз. Алдағы уақытта да жеңіс тұғырын бағындырып, тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, әлемге таныту үшін аянбай тер төгетін боламыз.
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен үлкен жеңістерге жетейік.
Республика бойынша 2018 жылдың «Үздік бапкері» атанған
джиу-джитсудан Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы
Болат Дүйсенбиев