• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Ақпан 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Ауған соғысы құрбандарын еске алды...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Бағзы дәуірден үн қатқан...

Үстірт үстіндегі вандализм іздері (ФОТО)...

  • USD: 415.57 ₸
  • EUR: 505.37 ₸
  • RUB: 5.65 ₸

Сахна киелі орын

[ 2020 ] 12 тамыз, 15:32  |  Маңғыстау

Жастық шақ – адамзат өмірінде ерекше мәнге ие, шаттық пен қуанышқа, күш-қайратқа толы уақыт. Сондай-ақ осы сәт білім мен өнерді бойға дарытып, даналықты меңгеруге таптырмайтын кез. «Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі» деп Сәбит Мұқанов айтқандай, жас жан әркез құлпырып, қиялға беріліп жүреді. Оның ойында сан түрлі арман мен алдында нық жоспар тұрады және соның барлығына қол жеткізетіндей жігері тағы бар.

Ауданымыздың мәдениет пен өнер саласында белді еңбек етіп жүрген Ақылбек Қабасов 1991 жылы 17 қаңтарда Шетпе кентінде дүниеге келген. 2008 жылы Б.Жұмалиев атындағы орта мектепті аяқтады. Өнерге бейім, білім мен өнерді қатар алып жүрген Ақылбек аудандық балалар өнер мектебін 2008 жылы бітірді. Мектеп қабырғасында жүріп І.Шыртанов атындағы, аудандық, облыстық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды алып жүрді. 2008 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінде дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша білім алды.

Жоғары оқу орнында жүріп, университет атынан халықаралық «На Николаевский» конкурсынан екінші дәрежелі лауреат атағын иеленген. Ақылбек алғаш еңбек жолын Орал қаласында «Жастар» мәдениет үйіндегі орыс ұлт аспаптар оркестрінде бастады. 2012 жылы оқуын аяқтап, туған өлкеге келіп, аудандық Балалар өнер мектебінде ұстаздық қызмет етіп, прима, шертер, домбыра, оркестр пәндерінен сабақ берді. 2017 жылы аудандық мәдениет үйіне ауысып, қазіргі таңда сол мәдениет ошағында абыройлы қызмет етуде. Аудан көлемінде тойланатын түрлі мерекелік концерттерде Ақылбек бой көрсетпей қалған емес. Онсыз концерт өтпейді десек те болатындай…

«Жігітке жеті өнер де аз» деген мақал нақ осы Ақылбек үшін айтылғандай. Сахнаға әр сәт шыққан сайын түрлі композициялардан шашу шашқанда халық мәз-мейрам болып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, халықтың ыстық ықыласына бөленетінін көзіміз көріп те жүр. Бірде прима да ойнаса, енді бір шыққанда саксафонын қолына алып, Шәмші әндерінің поппуриін тыңдаған халықтың құлақ құрышы қанып, қошеметпен қол соғып, шығарып салады. Өнер иесі үшін халықтың ыстық ықыласынан асқан баға бар ма десеңізші?! Бұдан бөлек қазақтың қара домбырасында, гитарада ойнайтын оның барлық аспапты жетік меңгергенін, киелі сахна үшін жаратылған жан екенін бірден ұғынасың.

«Сахна – киелі орын. Ол мықты-мықты өнер иелерімен киелі, көрсетер үлгі өнегесімен, халыққа, көрерменіне айтары мен берері бар болғандықтан да киелі. Өнер мектебінен көрерменнің рухани азық алатын құтты мекені. Осындай киелі орынның мен де бір мүшесі болып, халыққа өз өнерімді көрсетіп, ой салып, олардың рухани баюына атсалысып жатқаныма қуанамын», - дейді Ақылбек.

Киелі сахнаға төселіп, ауданның өнер саласында елеулі үлес қосып жүрген Ақылбектің жеткен жетістіктері де аз емес. 2013 жылы Алматы қаласында өткен "Күншуақ" республикалық конкурсынан "Гран при" жүлдесін иеленсе, әр жыл сайын ауданның мәдениет саласындағы еңбегі үшін аудан әкімінің, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының, облыстық мәдениет басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталып келеді. Өнер әлемінде қанатын кең жая самғаған Ақылбектің халыққа берері әлі де көп.

Дина УТЕПБЕРГЕНОВА

1849
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Аудан тынысы Қоғам Мәдениет Жастар беті
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Самбоны серік еткен Салауат

Келесі жаңалық

Сапалы қызмет – басты міндет

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Сахна киелі орын

    [ 2020 ] 12 тамыз, 15:32
    1850

    Ақындармен дидарласты

    [ 2017 ] 15 наурыз, 06:43
    1267

    Мұнайлыдағы "Маңғыстау жұлдыздары" фестивалі

    [ 2017 ] 28 сәуір, 05:01
    599

    Ауыл жастарының фестивалі басталды

    [ 2017 ] 27 сәуір, 09:12
    813

    Сапалы қызмет – басты міндет

    [ 2020 ] 12 тамыз, 16:53
    1018

    Самбоны серік еткен Салауат

    [ 2020 ] 12 тамыз, 14:20
    1002

    Рубрикалар

      Жаңаөзен - 50 жыл Қызық дерек Сараптама Мәселе Ашық қоғам Спорт Байқау Бейнеу Анықтама бюросы Экономика Қарақия Аудан тынысы

    Автордың басқа да жазбалары

    С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

    31 қаңтар, 12:14
    459

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    30 қаңтар, 11:01
    576

    «Спутник V» вакцинасын салдыруға қарсы көрсетілімдер – Бас санитар дәрігердің қаулысы

    29 қаңтар, 15:35
    1093

    Маңғыстауда мәслихат депутаттары алғаш рет біліктілігін арттыру бойынша оқып жатыр

    29 қаңтар, 15:25
    428

    Коронавирус: Қазақстандықтарды вакцинациялауға қатысты қаулы шықты

    29 қаңтар, 14:58
    1057

    Маңғыстауда тәртіп сақшылары жасырын үйлену тойын ұйымдастырған мейрамхананы анықтады

    29 қаңтар, 14:02
    1274

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»