Ауыл жастарының фестивалі басталды
[ 2017 ] 27 сәуір, 09:12 | Жаңалықтар
Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның 10 жылдығына және 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай, "Тыныштық - тілегіміз, тұрақтылық - тірегіміз" атты II ауыл жастарының фестивалі басталды.
Фестиваль алдымен Маңғыстау ауылында өтті. Онда ауыл әкімдігінің мамандары мен мектеп мұғалімдері, оқушылар әзірбайжан ұлтының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін паш ететін көрнекіліктер дайындап, көріністер қойды.
Шараға "Достлуг" әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің облыстық филиалы төрағасының орынбасары Рафига Насибова да қатысып, әділ қазылық етті. Қазылар алқасында сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Берік Біләлов, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиолла Сахипов, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Сара Ноғаева, жастар ортылығының директоры Гүлмира Себепбаева да болды.
Фестиваль әлі ауданның өзге ауылдарында: шешен және ингуш, армян, қырғыз, неміс, грузин, осетин халықтарының мәдениеті мен құндылықтарын дәріптеп, ұлттар тұтастығын нығайтуға жалғасады. Қорытындысы 1 мамыр күні өтетін концертте жарияланады.
Шахида Жұман
1848
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.