• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Өсер елдің баласы немесе түбектегі ең жас әкім жайында

    [ 2017 ] 1 желтоқсан, 08:33  |  Қоғам

    "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалында штаб құрылып, Президент сайлауына қызу дайындық жүріп жатқан сәттер еді.

    Сол күні штабтағы түнгі кезекшілікке бекітілген күнім болатын. Аталған орынға белгіленген сағаттан бұрын жеттім. Демалыс күні болса да партия қызметкерлері мен сайлауға жауапты кісілер әлі өз орындарында екен. Ауылдағы сайлауалды жұмыстармен сол уақыттағы Басқұдық ауылының әкімі Нұфтулла Қаржаубаев пен әкімдіктің бір өкілі де келіп дәлізде әрлі-берлі жүрді. Ол кезде газеттің редакциясы  - партияның аудандық филиалы ғимаратында. Кезекшілігімнің уақыты жеткенше редакциядағы өз орнымда материал жазып отырған ем. Қараторы бір жігіт келіп, Амал, Наурыз мерекелерімен құттықтап, көрісті. Келген бұйымтайы бойынша, электронды поштамен облысқа сайлау туралы ақпарат жіберуі керек екен. Жіберіп, өзі де хат күтіп біраз отырып қалды. Тілшілер қауымының қашан да кейіпкер іздеп жүретіні белгілі емес пе, оның да "тамырын" басып көрген едік. Сөзді қиыстыра, астарлата сөйлеп, қазақи тәрбиемен үлкендерден ұлағат алып өскені көрініп-ақ тұр. Қарапайым бұқарадан түрлі деңгейдегі билік басшыларына дейін, түрлі сала өкілдерімен сұқбаттасып, ауыз ашуынан деңгейін байқап қоятын біз үшін бұл жігіт осал еместей көрінді.

    Сонымен халықтың тарихи таңдау жасайтын күні де жеткен-ді. Өз тапсырмамызға сай ертелетіп Басқұдық ауылындағы сайлау үчаскесіне бардық. Алдымыздан тағы сол жігіт шықты. Өзі бұл ауылдың тұрғыны емес. Тек әкімдіктің қызметкері демесең, сайлауға бекітілген жауапты кісілердің қатарында да жоқ. Тұрғындардың белсенділігіне бір кісідей-ақ қуанып, ауыл әкімімен бірге Басқұдықтағы әрбір сайлау үчаскесін аралатты.

    Содан соң ол біздің меншіктен тыс тілшімізге айналды десек те болады. Басқұдықтағы жиналыстарда бірнеше рет суретке түсіріп жүргенін көзіміз шалған. Ол суреттерді біздің де пайдаланған кездеріміз көп болған. Қатыса алмаған басқосулардың ақпаратын да алып отыратынбыз. Соған қарай оны ішкі саясатқа жауапты маман ба деп қаласың. Жоқ. Әкімдікте ауыл-шаруашылығы және статистикалық есептер, коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары бойынша бірнеше сатылардан өткені болмаса, бұл бағытта "жұмыстанып" көрмепті. Оны коммуналдық салада да бір-екі рет әкімдіктің жылы бөлмесінен тыс жердегі жұмыс үстінде кездестірдік. Бұл нөсер жауын жауып, аудандағы кей елдімекен көшелерін су басқан жылы болатын. Биліктенмін деп қолды қалтаға салып, бір бұрышты паналап тұрмай, суық су кешіп жүр екен. Қолда күрек, топырақ жайып жатқан жерінде жолықтырдық. Енді бірде ауыл медициналық мекемесінің алдына құм төсеп жатқан трактордың соңынан жүріп, әр жерін аяғымен басып, тексеріп жүргенін көрдік. Мұнысына "Тракторды да қатайтып жүрсің бе?!" деп қалжыңдаған да едік.

    Ол бұған дейін Басқұдық ауылы әкімдігінің бас маманы болып қызмет етіп келген, биыл ауыл басшылығына сайланған түбектегі ең жас әкім Өсер Тлепов еді. Өсер Тоқтағанұлы 1989 жылы 1 желтоқсанда Таушық ауылында туған. Әскери борышын шекара қызметінде өтеген. 2011 жылы Ақтөбе қаласынан Қ.Жұбанов атындағы университетті есеп және аудит, 2017 жылы Маңғыстау гуманитарлық университетін заңтану  мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылдан бері "Хоум Кредит Банк" АҚ-та несие жөніндегі маман, "Каспий Құрылыс Транс Сервис" ЖШС-де менеджер еңбек баспалдақтарынан өтіп, Басқұдық ауылы әкімдігіндегі жұмысын 2013 жылы бастаған.

    Өсерді елін сүйген ел баласы десек артық болмас. Енді оған мұны дәлелдеуге тағы да бір мүмкіндік туып отыр. Айтуынша, Тұңғыш Президент күні туғаны бұл міндетті орындауды еселей түспесе, кемітпек емес. Өйткені оған 30 мыңға жуық тұрғыны бар бүкіл бір ауылдық округтің - Басқұдықтың тізгіні тапсырылған. Тамыз айындағы ауыл әкімін сайлауда депуттаттардың басым дауысын жинап, ауыл әкімінің міндетін уақытша атқаруға бекітілген еді. Қазан айының 17-нен бері әкім болып тағайындалды. Өзі көп балалы жанұядан шыққан. 5 ұл, 1 қыздың ең кенжесінің бірі - Аман есімді егіздің сыңары екен. Жастайынан жетімдікті де көріпті. 9 жасында әкесі Тоқтаған Тлепов өмірден өтіп, тұрмыстың бар тауқыметін тарта жүріп балаларын аяқтандырған анасы Жаңылхан Сейілханованың тәрбиесінде өскен.

    -  Бәрімізге белгілі ата-бабаларымыздың жылдар аңсаған арман-мұраты Тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Міне, біз оған жеттік. Одан кейін еліміз өз алдына қаншама белестерді бағындыруды мақсат етіп қойды. Қазір біз сондай жетістіктердің қызығын көріп жүрген ұрпақтармыз. Сондықтан соған сай еңбектеніп, елімізді өркендетуге үлес қосуға тиіспіз. Менің бұл міндетті мемлекеттік қызметте жүріп орындау мүмкіндігім болғанына қуаныштымын. Өйткені бұл менің елім, мамандығым - арманым. "Өмірлік позицияның не?" дегенде, "Күніне жоқ дегенде бір адамға жақсылық жасау" деп Мұқтар Шаханов айтпақшы, сол арманға күніне кем дегенде бір адамға пайдамды тигезе отырып жетсем, онда мен бақытты болар едім. Сондай-ақ мені  тағы бір нәрсе қуантып, жұмысқа жігер береді. Ол - туған күнімнің Тұңғыш Президент күнімен тұспа тұс болуы, - дейді Өсер Тлепов.

    Жас болса да бас бола білген Өсер, міне, осындай. Ауданда одан басқа да елдің қамы үшін күн демей, түн демей абыроймен өз жұмысын орнықты атқарып жүрген жастар да, елі үшін туған ел азаматтары да баршылық. Олар  әрдайым біздің назарымызда. Көзге түсіп-түспей, ойда болса да, баспасөз беттерінде жария болмай жүргені қаншама?!.

    Шахида ЖҰМАН

    2465
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам жастар беті маңғыстау жаңалықтары ауыл өмірі
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Елім деп өткен ер Жалау

    Келесі жаңалық

    Теңге ауылында төбе би мен билер алқасы сайланды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Өсер елдің баласы немесе түбектегі ең жас әкім жайында

      [ 2017 ] 1 желтоқсан, 08:33
      2466

      Ақындармен дидарласты

      [ 2017 ] 15 наурыз, 06:43
      2655

      Мұнайлыда грек-рим күресінен облыстық чемпионат өтті

      [ 2017 ] 15 наурыз, 04:26
      1898

      Ауыл жастарының фестивалі басталды

      [ 2017 ] 27 сәуір, 09:12
      1817

      Теңге ауылында төбе би мен билер алқасы сайланды

      [ 2017 ] 1 желтоқсан, 10:28
      2046

      Шетпедегі карьер мәселесі түйінделді

      [ 2019 ] 24 қазан, 10:12
      3876

      Рубрикалар

        анонсТағайындауАудан тынысыӘдебиетМәселеКомплаенсХабарландыруЖарнамаСаясатМаңғыстауДенсаулық

      Автордың басқа да жазбалары

      Ауруды жеңген теміржолшы

      [ 2019 ] 23 ақпан, 05:10
      1891

      Түбектің құрметті азаматы атанған теміржолшы

      [ 2018 ] 20 желтоқсан, 11:19
      2523

      Салауатты өмір салтын ұстанған отбасы

      [ 2018 ] 16 қараша, 05:10
      1775

      «Маңғыстау теміржолы» үздік атанды

      [ 2018 ] 9 қараша, 07:30
      1798

      Сенат депутаты теміржолшылармен кездесті

      [ 2018 ] 19 қазан, 04:52
      1787

      Еңбек еш кетпейді

      [ 2018 ] 25 тамыз, 07:22
      2384

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»