• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Шетпедегі карьер мәселесі түйінделді

    [ 2019 ] 24 қазан, 10:12  |  Жаңалықтар

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақовтың Шетпе ауылын шаң-тозаңнан тазарту жөніндегі бекіткен жоспарына сәйкес, тас уатқыш және басқа да инфрақұрылымдық қондырғыларды Шетпе ауылынан 10 шақырым жерге үстіміздегі жылдың 25 қарашасына дейін көшіру жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге шаң көтеретін материалдар тасымалданып келген 2 автожол жабылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе ауылының тұрғындары мен қоғам белсенділері шебін өндіретін карьерлерден көтерілетін шаң адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретінін 10-15 жылдан бері айтып, шағымданып келді. Соңғы жылдары карьер саны артып, мәселе ұшыға түскен еді. Адам денсаулығымен қоса, қоршаған ортаға келіп отырған кесапат әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын. Шетпе ауылына жақын орналасқан бірнеше карьерге тексеру жүргізіліп, тиісті шара қолданылды. Прокурорлық әрекет ету актісі нәтижесінде, Маңғыстау облысы экология департаменті «МКДСМ» АҚ, «ТАС» ЖШС, «Теміртас-1» ЖШС, «Аян-Ақтау» ЖШС, «ДИС» ЖШС және «Бай-Бег» ЖШС шебін өндіретін карьерлерге ҚР экологиялық заңнамаларының сақталуы жөнінде жоспардан тыс тексерулер жүргізді. МО экология департаментінің мәлімдеуінше, инспекторлық тексеру нәтижесінде 6 карьер тарапынан экологиялық заңнамалардың өрескел бұзылуына жол берілгендігі анықталған. «МКДСМ» АҚ-ында тас құрылысын өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы және экологиялық рұқсатнама болмай шыққан. Жобалық шешімдер бойынша шаң басу шаралары жүргізілмеген. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 332 және 328 баптары сақталмаған. Орын алған заң бұзушылықтар үшін кәсіпорынға жалпы сомасы 430 000 теңгеге жуық көлемде айыппұл салынды. Сонымен қатар шығын мөлшері 1 080 000 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, МО экология департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, "МКДСМ" АҚ-ының экологиялық құжаттамаларын қайтару жөнінде сотқа талап-арыз беріліп, қалған 5 кәсіпорынға қатысты экологиялық құжаттарды кері қайтару, тас уатқыш қондырғыларды және тас өндіруді тоқтату жөнінде талап-арыз енгізілген. «ТАС» ЖШС-не 151 500 теңге айыппұл төлеу міндеттеліп, келтірілген шығын көлемі 642 954 теңгені құраған. «Теміртас-1» ЖШС бюджетті 252 500 теңгемен толықтырады, келтілірген шығын сомасы 582 959 теңге болып отыр. «Аян-Ақтау» ЖШС 151 500 теңге айыппұл төлейді, келтірілген шығын мөлшері 115 083 теңгені көрсетті. «ДИС» ЖШС бюджет қазынасын 126 250 теңгемен толықтырады. «Бай-Бег» ЖШС 126 250 теңге айыппұл төлейтін болды, ал бұл кәсіпорын 2 335 038 теңге көлемінде шығын келтірген. Алдағы уақытта басқа да карьерлерге талдау жасалып, прокурорлық әрекет ету актісі нәтижесінде ҚР экологиялық заңнамаларының орындалысы жөнінде 12 карьерге тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда «Бузачи нефть», «Строй Деталь», «АтырауИнжТехноЦентр», «Шетпе Тас», «Royal Stone Group», «Тупкараган», «Азия Тас-1000», «Сапсан», «Ержурек Холдинг», «Казына-Мангыстау», «Самгау карьер» және «Алтын Арка-XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе ауылында құрылыс тастарын өндіруші жалпы 28 кәсіпорын бар. Мекемелер тасты уақтау нәтижесінде дайын шебін алып отыр. Шетпе ауылы карьерлердің дәл ортасында деуге болады. Күнделікті шебін өндіру, жарылыс, тиеу-түсіру мен тасымалдаудың нәтижесінде жиі көтерілетін шаң мәселесін талқыға салғалы биыл бірнеше жыл. Осыдан бір жарым ай бұрын, яғни қыркүйектің 4-і күні МО әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақовтың Шетпе ауылына жасаған жұмыс сапары барысында карьерлерді ауылдан алыс маңға көшіру мәселесі қаралған еді. Бақытжан Аманжолұлы бір ай уақыт ішінде басқа жолдың салынып, тас уатқыш техникаларды көшіруді тапсырған болатын.

    Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

    Суреттердің авторы Талант ҚҰСАЙЫН

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63675,63669"]
    4139
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам ауыл өмірі анонс маңғыстау
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ерікті зейнетақы жарналары зейнет жасына жасалған тамаша сый!

    Келесі жаңалық

    Самбодан спорт шеберлері арасындағы әлем чемпионына сый табысталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Шетпедегі карьер мәселесі түйінделді

      [ 2019 ] 24 қазан, 10:12
      4140

      Мұнайлыда "Медицина жанымызда" акциясы басталды

      [ 2019 ] 6 қараша, 07:37
      2882

      Ақжігіт ауылы мерейлі тойын тойлады (3-бөлім)

      [ 2019 ] 29 қазан, 12:29
      4006

      Ақжігіт ауылы мерейлі тойын тойлады (2-бөлім)

      [ 2019 ] 29 қазан, 12:00
      4042

      Ақжігіт ауылы мерейлі тойын тойлады (1-бөлім)

      [ 2019 ] 29 қазан, 07:12
      4205

      Таушық ауылында қос балабақша пайдалануға беріледі

      [ 2017 ] 31 қазан, 09:32
      1770

      Рубрикалар

        Ауыл өміріТүпқарағанМаңғыстау жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтарыӘлем жаңалықтарыЖарнамаМәселеСаясатБіле жүріңізФото

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар Бакуде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 10:58
      3047

      Маңғыстаулық спортшы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 06:19
      2957

      Үңгірге кірсең үрікпе

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 13:26
      5529

      «Армияда қылмысқа орын жоқ» акциясы өтті

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 11:51
      2652

      Ақшұқырда жаңа спорт алаңы ашылды

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 09:58
      2695

      Күйіп қалған бүлдіршіннің оқиғасына кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 06:32
      3272

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»