Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен "Медицина жанымызда" әлеуметтік акциясы басталды. Ақ халаттылар "Жылжымалы медициналық кешен" көмегімен Дәулет ауылында тұрғындармен жүздесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Акцияға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі Гүлжанат Жиенбаева қатысты. Акция барысында көз ішінің қан қысымын өлшеуге 35 адам, қандағы қан мөлшерін тексеруге 19 тұрғын келсе, рентгенге 26, ЭКГ-ға 20, УЗИ-ге 51 адам келіп қаралды. Келген әрбір емделушіге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсіндіріліп, құнды ақпараттар берілді. Шара алдағы аптада Қызылтөбе ауылында жалғасын табатын болады. Айта кетейік, Маңғыстау өңірінде жалпы халық саны бойынша 160 000 тұрғынымен Мұнайлы ауданы көш бастап тұр. Гүлнара ТАСБОЛАТОВА Суреттер автордан [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="87063,87064"]