Бұдан былай жүрек ауруына шалдыққандар үшін өңірде тексерістен өтуге мүмкіндік туды. "Archimed" кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығында екі науқасқа алғаш рет диагнозды нақтылау үшін жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу (ЭФИ) жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. Зерттеу нәтижесі бойынша мамандар бірінші емделушіге Нұр-Сұлтан қаласында ота жасауды ұсынып, екінші науқасқа бұрын қойылған "тахикардия" диагнозының күшін жойды. ЭФИ "Archimed" кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығында емделушілер үшін тегін жүргізіледі. Бұған дейін Маңғыстаулықтар жүрек ауруларын тексертуге Алматы, Нұр-Сұлтан және Новосибирск қалаларына барып емделу үшін квота ресімдеуші еді. Маңғыстау облысында ЭФИ өткізу маңызды оқиға, себебі ол интервенциялық аритмологияның алғашқы буыны болып табылады. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасын енгізудің арқасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өңірде аритмологияның дамуы туралы сеніммен айтуға болады. Дәрігерлердің айтуынша, ЭФИ диагностикалық мәселелер инвазивті емес әдістермен шешілмеген және әртүрлі аритмияларды анықтауға арналған жағдайларда жүргізіледі. Зерттеу ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың аритмологы Қуандық Садуевпен бірге жүргізілді. -Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу кезінде емделушінің түрлі жүрек бөлімдеріне көп контактілі электродтар-катетерлер орнатылады. Жиі жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу аритмияны операциялық емдеудің бастапқы және қорытынды кезеңі болып табылады. Айта кету керек, эндокардиальды зерттеудің диагностикалық мүмкіндіктері өңешеден айтарлықтай жоғары. 60 жастағы науқаста зерттеу жүргізілгеннен кейін "суправентрикулярлық тахикардия"диагнозы расталмады. Ал ауруы анықталған 53 жастағы науқас Нұр-сұлтан Ұлттық ғылыми-медициналық орталығында отадан өтеді, - деп хабарлады кардиохирургтар. Дәрігерлер кенеттен жүрек өлімі жаһандық мәселе екенін ортаға салып отыр. Оған негізгі себеп жүрек ырғағының күрделі бұзылуы болып табылады. Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ Суреттер МО Денсаулық сақтау басқармасынан [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="87058,87059"]