• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Мұражайларға тігілген Маңғыстау шеберлерінің киіз үйлері жайында

    [ 2017 ] 29 қараша, 07:27  |  Мәдениет

    ©

    Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айырықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы париотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

    Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

    Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп-қонуға ыңғайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жасауымен есептегенде 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады. Жаз жайлауға, қыстауға көшкенде түйеге артып барып қоныстанған жерге тігіп отыратын. 4-5 адам азғана уақыт ішінде тігіп, жинайтын.

    Бүгінгі заманда киіз үй тек үлкен тойларда көрмеге ғана тігілетін мұражай экспонатына айналды. Бұрынғы кезеңдерде дала қоңырауына айналған киіз үй жайлаудың сәні еді. Шопандар мен ауыл тұрғындары жаз шыға тігіп, қоңыр күзге дейін отыратын. Балаларының демалысқа шыққанын күтетін аналарымыз жарыса киіз үй жабдығын жасайтын. Жабағы жүнді соза түтіп, жіп иіріп, бояп, ширатып бау-басқұр, алаша тоқуды қолға алатын. 4-5 оқитын қыз балаларға ермек үшін жел бау құрып берсе, 7-10 сынып қыздарына бау-басқұр, алаша тоқытатын. Ал, ер балалар керегелерді көктеп, арқан есіп, ширататын. Күзем жүн алған соң көрші-көлем бірігіп жүн сабап, киіз, текемет басатын. Осылардан киіз үйдің туырлық, үзік, іргелік сияқты жапқыларын тыңдастыратын. Осылайша ұл-қызын ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, еңбекке баулитын. Бірігіп ұйымшылыдықпен жұмыс жасауға тәрбиелейтін.

    Өзіміз қызықтап кіріп шыққан, жасауын жасаған киіз үйіміз бұл күнде ауылда да тігуден қалды. Тек қана мерекелік үлкен тойларда көрме үшін тігілетін деңгейге жетті. Ауылшаруашылығы ыдырап, совхоздар тарағаннан кейін киіз үй жайлауда да тігілуден қалды. Өкініші сол - оны жасап, қадірін білген адамдар қатарының бұл күнде азайып бара жатқандығында. Оны жалғастыратын жастардың қызығушылығының аздығында. Себеп өзім білетін ауылдағы киіз үйлердің ауласында жабулы жиналып тұрғандығында.

    Ақселеу Сейдімбек ағамыздың «Күмбір, күмбір күмбездер» атты еңбегін оқып отырсам көшпелі қазақтың киіз үйінің құнының жоғары екенін көріп, бірі білсе, көпшілік елдің білмейтін сый құрметін көргендіктен баспа арқылы танытсам артық болмас деген оймен бөліскенді жөн көрдім. Ол кітаптан білгенім, Николай І патшаға ішкі орда ханы Жәңгірдің әмірімен екі жыл бойы мәнерлеп жасалған киіз үй сыйға тартылыпты. Ал Отыншы Көшбай ағаның кітабын оқып отырып, осы шығарманың жалғасын көргендей болдым. «Тургайская» газетаның 1903 жылғы 25-санында Әлкей Марғұлан «Казахская юрта и ее убранство» атты еңбегінде патшаға сыйға тартқан киіз үйін Зайсанның қазағы алтынмен аптап, күміспен күптегендігі туралы айтса, Алмас дегеннің киіз үйі 1861 жылы Париждегі халықаралық көрмеге қатысады. Ал Мейрам Жанайдаровтың киіз үйі 1876 жылы Петербургте өткен ориенталистердің үшінші конгресіне тігіледі. [«Атадан жеткен асыл тін» О. Көшбай 12-б]

    Маңғыстау шеберлері жасаған киіз үйлерде ерте кезден өзінің жасауымен, әдемілігімен белгілі болған. 1980 жылы Жапонияда өткен Бүкіләлемдік этнографиялық көрмеде маңғыстаулық киіз үй, яғни, бейнеулік шебер Сұлухан Рзаеваның жасаған киіз үйі қойылған. Жапон жеріндегі көрмеде маңғыстаулық киіз үйдің тұруы, әрине, ұлт мақтанышы.

    Ұштағандық Атабай Тәкеновтың киіз үйі Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік мұражайынан орын алса, ұштағандық Тәжік Назаровтың үйі Бостан ауылында жасақталып Астанадағы ҚР Президентінің Ұлттық мәдениет орталығында, ал Бақыт Бозжігітовтың үйі Алматыдағы ҚР Президентінің резиденциясында тігілген.

    Өткен жылы жолым түсіп Астанадағы ҚР Президентінің Ұлттық мәдениет орталығында тігулі тұрған ауылдасым, әкеміз Тәжік Назаровтың үйін көру үшін Ұлттық мұражайға бардым. Қандай әсем жасақталған, 3 қабатта тігулі тұрған киіз үй көзіме оттай басылды. Мұражайдағы мүліктердің қайдан келгені, кімдікі, қашан келгендігі туралы деректерді көрсем де, киіз үйден ешқендай дерек таба алмадым. Таныстырушы қыз баладан сұрасам, ешқандай дерек айтуға болмайтындығы туралы айтты.

    - Неге?

    Осылайша мазалай бергенімде ұзын бойлы, аққұбаша келген жігіт жаныма келіп:

    - Маңғыстаудан бір әйел балаларымен келіп тігіп берді, - деген жауап берді.

    - Әй, балам-ай. Осы үйді тігіп берген адам жай ғана айта салатын адам ба еді, бұл қандай еңбекпен келген дүние еді. Мен сол ауылдан әдейі көру үшін келдім, - деп ішкі жүктің жиналуына және иесі туралы мәліметті жазу қажеттігі туралы ескертуімді беріп қайттым.

    Шет елдің төріне тігілген киіз үйімнің ерекшелігін мақтан етсем таныстырушылардан дерек ала алмаған мен үшін ұлттық мұражай азаматтарының дұрыс дерек бере алмауы қатты қынжылтты. Николай І патшаға ішкі орда ханы Жәңгірдің тіккен киіз үйі туралы деректі кейінгі ұрпақ танып білсе сол кездегі деректі жазып қойған азаматтардың арқасы, ал бүгінгі күні Тәжік Назаров пен Ажар Тәпенова анамыз дайындап тіккен киіз үй дерегін тауып жазу қиын ба еді?

    Осыларға қарап отырып, ұлттық брендтің Жәңгір хан тұсынан бастау алғанын бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейді. Әр облыстың киіз үйді жабдықтауда өзіндік ерекшелігі болса, Маңғыстау халқының киіз үй жабдықтауындағы шеберлігін жоғарыда орын алып тұрған мұрағаттардан көру арқылы көз жеткізуге болады. Киіз үйдің айтулы жерлердің төрінен орын алып тұруы - мен үшін мақтаныш.

    Кейінгі ұрпақ үшін үлгі болып, ел төрінде жарқырап тұра бергей!

    Жәния ӨМІРБАЙҚЫЗЫ,

    Бостан ауылы

    Қарақұдық орта мектебінің мұғалімі

    Көрнекі сурет Т. ҚҰСАЙЫННЫҢ архивінен

    2050
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет аудан тынысы ауыл өмірі анонс рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Тұрманбет батыр хақында

    Келесі жаңалық

    Бостан ауылдық драма ұжымы есептік қойылымын сахналады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мұражайларға тігілген Маңғыстау шеберлерінің киіз үйлері жайында

      [ 2017 ] 29 қараша, 07:27
      2051

      Әскерге бар, жас ұлан!

      [ 2018 ] 31 қаңтар, 10:18
      1745

      Әлемге әйгілі Баутин ауылы

      [ 2017 ] 16 қараша, 09:01
      4237

      Есет ауылының жаңарған келбеті

      [ 2017 ] 26 қыркүйек, 09:07
      2347

      Ескі клуб сағынышқа айналған кездерді еске түсіреді

      [ 2017 ] 8 қараша, 09:32
      1505

      Ауыл жастарының фестивалі басталды

      [ 2017 ] 27 сәуір, 09:12
      1817

      Рубрикалар

        СараптамаанонсӘлем жаңалықтарыМаңғыстауТағайындауМұнайлыТүпқарағанМәселеРедакция газеттеріБіле жүріңіз

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»