• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Ескі клуб сағынышқа айналған кездерді еске түсіреді

    [ 2017 ] 8 қараша, 09:32  |  Мәдениет

    Ақшымырау ауылында алдыңғы жылы «КомМунай» ЖШС­-нің демеушілігімен 150 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Тамаша етіп салынған, жайнап тұр. Ел игілігін көріп жатыр.

    Жаңа мәдениет үйінің ту сыртында 1957 жылы салынған ескі клубымыз тұр. Осы клубты көрген сайын «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, бұдан артық рахат табылмайды» - деп, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, еске бір кездері «Партсъезд» деп аталатын колхоз, оның тамаша азаматтары түседі. Талай жезтаңдай әнші апаларымыз бен марқасқа жігіттеріміз өнерлерін ортаға салған киелі орын еді-ау – бұл клуб!

    Әнші Атластың «Қарағанды кендері аха-ха-ха»-деп салған әні, Оңайгүлдің «Ләйлім шырақты» тамылжыта орындауы, Майшаның қос етек көйлек киіп, домбырамен «Жеті қайқының» әндерін сорғалатуы, Ақмәнеттің, Шәмшінің әндерін орындағанда тыңдаушылардың теңселіп отыруы күні бүгінгідей көз алдымда.

    Хордың орындауындағы «Бейбітшілік туы берік қолда» әніне екі қолымен дирижерлік жасап, Жарқынбай ағам тұрушы еді... Берірек келгесін 1964-1965 жылдардан бері қарай өзіміз де түрлі мәдени шараларға қатыса бастадық. Сахнаның алдыңғы жақ шетінде гараждан май-май киімін шешпестен баянымен Себенғали келіп отырады, о кезде бүкіл ауылда баян тартатын жалғыз сол кісі еді. Әншілер әндеріне бірінен соң бірі дайындық жасап жататын.

    Клубтың қарсы жақ фойесінде билльярд тұрды. Клуб меңгерушісі замандас қызымыз болғасын клубтың кілтін күні бойы қалтамызға салып алып, ауыл азаматтары қара кешке дейін кезекке тұрып ойнайтын, тіпті осы ойын түрінен атақты ойыншылар шыға бастады. Азанбай нағашым, Асқанбай ағамыз, Тарғын құрдасым сынды азаматтар ортаға екі тасты қойып ұрғанда, екеуі екі бұрыштағы торға барып, топ ете түсуші еді.

    Сыртынан кіретін есігі бар, клубтың сол жақ басында киномеханиктің будкасы болды. Бәріміз «Толька» деп кеткен Төлеп киномеханиктің билігі, сірә, Себенғалида. Ол жақсы музыкасы бар кинофильмдерден үзінділер қойдырады. Түрікменнің «Шахсанам и Гарип» деген фильмінде «Айна, жан Айна»-деп басталатын тамаша әуенді ән бар болатын. Соны тыңдаймыз қайта-қайта. Өзімізге ұнайтын фильмдерден үзінділер жіберткізіп, мәре-сәре болушы едік.

    Сондай-ақ, клубтың бір басында Динаштың кітапханасы болды. Оқымаған кітабымыз болмайтын десем, артық айтқандық болмас. Қазақ жазушыларының ең соңғы шыққан кітаптарын іздеп жүріп оқушы едік.

    Ө.Қанахиннің «Жасдәуренін» таласып, оқитынбыз. Содан кейін шетел классиктерінен ауыздана бастадық, Бальзак, Мопассан, Стендаль, Дюма, тағы басқа да авторлардың кітаптарымен сусындадық.

    Ауылымызда спортқа, өнерге бейім жігіттер көп болды. «Партсъезд» деп аталатын колхоздың жігіттерінің аудан көлемінде жұлдыздары жоғары болды.

    Ақшымырау ауылы – еңселі, бірлігі жарасқан, шаруашылығы шалқыған, мәдениеті дамыған, тұрғындардың бір-біріне деген көңілдері кіршіксіз, барымен бөліскен, ақсақалдарын тыңдайтын ауыл деп сеніммен айта аламын.

    Жоғарыда айтып отырғанымның бәрі - қазір естелік, жүректі шым еткізер сағынышқа айналды. Аты аталған ағаларымыз бен апаларымыздың да көбі келместің кемесіне мініп кеткелі талай уақыт өтті...

    Дариссалам ТІЛЕУБАЙ,

    Ақшымырау ауылы

    1520
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет ауыл өмірі рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау қазынасы – тарихи мұралар

    Келесі жаңалық

    Құпияға толы Маңғыстау. Шақпақ-ата жерасты мешіті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мұражайларға тігілген Маңғыстау шеберлерінің киіз үйлері жайында

      [ 2017 ] 29 қараша, 07:27
      2130

      Ескі клуб сағынышқа айналған кездерді еске түсіреді

      [ 2017 ] 8 қараша, 09:32
      1521

      Әскерге бар, жас ұлан!

      [ 2018 ] 31 қаңтар, 10:18
      1765

      Тұщықұдық ауылында мектеп түлектері басқосты

      [ 2017 ] 27 қараша, 03:14
      2307

      Ақшұқыр ауылы: кешесі мен бүгіні

      [ 2017 ] 24 қараша, 12:21
      5248

      Әлемге әйгілі Баутин ауылы

      [ 2017 ] 16 қараша, 09:01
      4313

      Рубрикалар

        ҚарақияДенсаулықРедакция газеттеріРухани жаңғыруРедакция туралыСпортҚызық дерекҚоғамМаңғыстау жаңалықтарыЖаңалықтар

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3229

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2983

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2822

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3280

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3091

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3065

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»