• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залы ашылды

    [ 2018 ] 10 желтоқсан, 06:32  |  Қоғам

    ©

    ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залының салтанатты ашылу кеші болып өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Бақ.кз сілтеме жасап.

    Ә.Кекілбайұлы кітапханасы ең бай кітапханалардың бірі болып саналады. Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залының қоры жазушының кітапхана коллекциясынан іріктелген жеке кітапханасының каталогы бойынша мынадай әдебиеттерді ұсынады: бұл - адамзат тарихына арналған мәдениет және өнер тарихы туралы басылымдар, планетаның ұлы тұлғалары туралы кітаптар, Қазақстанның ақындары мен жазушыларының кітаптары, альбомдар мен атластар, Қазақстанның географиясы мен тарихы және оның Шағын Отаны – Маңғыстаудағы алманахтар мен көптеген қызықты басылымдар.

    Іс-шара барысында Ә.Кекілбайұлының жеке кітапханасы қорындағы қаламгерлердің қолтаңба коллекцияларының жинағы бойынша жарық көрген «Қаламгер қолтаңбасы» кітабы таныстырылды. Қазіргі таңда оқырмандардың сұранысына байланысты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жазушының «Аңыздың ақыры» кітабын француз және қытай тілдеріне аударуда.

    ҚР ҰАК қорында Ә.Кекілбайұлының көптеген шығармалары бар. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы базасындағы Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасының веб-порталында жазушымен авторлық келісім-шарт жасалынып, кітаптары оқырмандарға қолжетімді болып отыр. Оның бірнеше кітаптары цифрлық форматқа өтті: «Шыңырау», «Елең-алаң», «Құс қанаты», «Дала балладары», «Махаббат мұнарасы», «Заманмен сұхбат», «Ханша дария хикаясы».

    Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Несіпбек Айт, Төлен Әбдік, Дархан Қыдырәлі, Оразкүл Асанғазы, Алдан Смайыл, Қуаныш Сұлтанов, Оралбай Әбдікарімов, Сауытбек Абдрахманов, Көпен Әмірбек, Шәрбану Бейсенова және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

    «Халқымыздың маңдайына біткен заңғар жазушысы, Еңбек ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың Ұлттық кітапханада арнайы оқу залы ашылып отыр. Меніңше, бұл Әбіш ағамыздың 80 жылдығы қарсаңында оның есімін ұлықтау жолындағы алғашқы қадамдардың бірі. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның есімі, шын мәнінде, халқымыздың ең жоғары құрметіне лайық. Сондықтан осындай игі бастамалардың ғұмыры ұзақ болары сөзсіз. Жаңа жылдан бастап бұл жұмысқа кірісуіміз керек. Үкімет, тиісті әкімдіктер қажетті жоспарларды дайындап, тиісті іс шараларды қолға алады деп ойлаймын. Бұл бүкіл халыққа керек маңызды жұмыс», - деді Қ.Тоқаев.

    Әбіш Кекілбаев Г.Мопассанның «Пьер және Жан», «Өмір», Ш. Айтматовтың «Ранние журавли» романдарын аударған. Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпикалық романының аудармасына қатысқан. Әбіш Кекілбаевтың аудармасындағы В. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», «Король Лир», К.Гоццидің «Ханшайым Турандот», М.Кәрімнің «Айдың тұтылу түні», М.Фриштің «Дон Хуан немесе геометрияға деген сүйіспеншілігі», Г.Ибсеннің «Елес», А.Валехоның «Бүгін мереке» шығармалары республикалық театрлардың репертуарында қойылып жүр. Бұл жұмыстар көп томдық басылымдар мен жинақтарда ұсынылған.

    "Коллекцияда барлығы 6019 басылым ұсынылып отыр, оның ішінде 5 883-і дана кітап, CD және DVD дискілеріндегі бейнефильмдер мен аудио кітаптар 134 дана және 2 библиографиялық брошюралар бар" - дейді кітапхананың баспасөз қызметінің жетекшісі Әсем Сағиқызы.

    Аталмыш зал ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ашылды.

    Оқу залының ашылуы жазушының отбасы мен оның жұбайы Клара Жұмабайқызының және немересі Абыл Кекілбаевтың көмегімен ашылып отыр.

    2163
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам қазақстан жаңалықтары әдебиет
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жаңаөзенде жеке кәсіпкерлердің «Табыс-2018» көрме-жәрмеңкесі өтті

    Келесі жаңалық

    «Спорт - жаныма жақын өнер» дейді еңбек ардагері Үсенбай Кенбаев

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залы ашылды

      [ 2018 ] 10 желтоқсан, 06:32
      2164

      Абайдың философиялық онтологиясы

      [ 2020 ] 10 тамыз, 08:30
      17160

      Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған энциклопедияның 3-томы жарық көрді

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 09:49
      2176

      «Қазақ» газетіне - 105 жыл

      [ 2018 ] 13 ақпан, 04:40
      1344

      Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

      [ 2017 ] 27 қараша, 05:14
      1988

      «Кітап - рухани азық» байқауының жеңімпаздары марапатталды

      [ 2021 ] 2 қазан, 11:50
      9917

      Рубрикалар

        СараптамаКомплаенсАуыл өміріХабарландыруРедакция газеттеріМұнайлыҚоғамҚазақстан жаңалықтарыРедакция ұжымы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3231

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2985

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2824

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3282

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3093

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3067

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»