• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    «Қазақ» газетіне - 105 жыл

    [ 2018 ] 13 ақпан, 04:40  |  Қазақстан жаңалықтары

    Қазақ даласында тəуелсіздік қоңырауын қаққан «Қазақ» газетіне 105 жыл толып отыр. Ұлтты оятуға ұйытқы болған басылымның алғашқы саны 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласынан оқырман қауымға жол тартқан болатын.

    «Қазақ» газетінің шығуы - Алаш зиялыларының ұлттық дербестік жолында жасаған қарымды қадамы еді. Əлихан Бөкейхан қолдап, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы жауапты редакторлары болған басылымның 1918 жылға дейін 265 нөмірі шығыпты. Профессор Əбдімəлік Нысанбаевтың: ««Қазақ» газетінің бес жыл бойы 265 нөмірі жарық көріпті. Қазіргі өлшеммен қарасақ, тым аз. Бірақ, сол замандағы қалыптасқан ахуал тұрғысынан бағаласақ, отарлық езгідегі елде, отаршылдардың көз алдында, жария түрде тəуелсіздік идеясын насихаттайтын газетті бес жыл бойы шығарып тұру үлкен ерлік болатын» деуі басылымның қазақ қоғамындағы сол кезеңдегі ерекше рөлін айшықтай түсері даусыз.

    «Қазақ» газетінің алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлы басылымды жарыққа шығарудың ең негізгі 4 маңызы мен міндетін тап басып жазады.

    «Əуелі газет - халықтың көзі, құлағы һəм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды... Екінші газет - жұртқа қызмет ететін нəрсе, олай болатын мəнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады. Үшінші газет - халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетіспекші. Төртінші газет - халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шұқытпасқа тырысады».

    Басылымды тұрақты түрде ұстап, уақтылы жариялап тұру үшін газет жарыққа шыққан жылы Алаш зиялылары «Азамат» серіктігін құрады. 1913 жылы «Қазақ» газетінің соңғы сандарының бірінде жазылған «Ұры тию» атты мақаласында «Қыр баласы» бүркеншік атымен Əлихан Бөкейхан: «Қазақтың кесек сома шығарарлық байлары аз болғанмен аз сомасымен, адамгершілігімен серіктікке жарайтын азаматтары аз емес. Сондықтан, «Азамат» серіктігін ашып, «Қазақ» газетін мұнан былай Алаш азаматтарының серіктесіп қосылған пұлымен жүргізбекшіміз», деп жазады.

    Газет жарыққа бес жылды - Алаш зиялыларының бес жыл бойғы рухани майдандағы күресі десе де болады. Қазаққа ең маңызды деген жер, тіл, білім, дін, теңдік «Қазақ» газетінің ең басты тақырыптары болып отырды. Патшалық билік тарапынан газеттің мән-мазмұнын бақылау жұмысы Торғай облыстық басқармасының тілмашы Тунганчинге тапсырылған болатын. Әділетсіздікке қарсы үндеулердің бәріне патшалық билік қатал жауап қатып отырды. «Қазақ» газетіне айыппұлдың салынуы, Ахмет Байтұрсынұлының абақтыға жатып шығуы, Міржақып Дулатұлының үйінің тінтілуі - осының айғағы болса керек.

    Соғысқа қазақтан жұмысшы алу, жалпықазақ съездері, ұлттық демократиялық «Алаш» партиясының құрылуы, Екінші жалпықазақ съезінің қаулылары туралы хабардың бәрі - «Қазақ» бетінде тұрақты түрде жарияланып тұрды. Бір сөзбен «Қазақ» - Алаш азаматтары мен қазақ қоғамының арасындағы алтын көпір іспеттес еді. Әлихантанушы, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлының келтірген дерегіне сүйенсек, қазақтың жекелеген сандары бір жылдары тіпті - 8 мың тиражбен жарық көрген. Санкт-Петербург секілді шаһарлардағы іргелі газеттердің өзі сол тұста 10-11 мың тиражбен жарыққа шыққанын ескерсек, «Қазақ» үшін Алаш қайраткерлері барын салғанын аңғаруға болады.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Темір тордан босағандар жеке кәсіппен айналыса алады

    Қазақтың «Үш арысымен» бірге басылым беттерінде М.Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы секілді сол тұстағы белді де белгілі азаматтардың мақалалары мен өлеңдері тұрақты түрде жарияланып тұрды. Басылым алқасы газет шығынын азайту үшін жеке баспахана ашу ісін қолға алды. Бірнеше жыл бойы «Азамат» серіктігі арқылы қаржы жинаған Алаш азаматтары баспахана ашу мақсатына тек 1917 жылдың соңына қарай қол жеткізгендей болған еді.

    Қазан төңкерісінен кейін «Жауың кім? Жауың - большевик» (1918 жылдың басы, «Аттан Алаш азаматы!» атты мақала) деп жазған «Қазақ» газеті большевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізді. Басылым большевиктердің залым әрекетін әшкереледі. Кеңес үкіметі де қарап қалған жоқ. Ақыры, 1918 жылдың басында Орынборда кеңес өкіметі орнап, «Қазақ» 1918 жылдың 17 қаңтарындағы 260 нөмірінен кейін ұзақ уақытқа тоқтап қалды. Алайда Орынбор 1918 жылдың 20 маусымында большевиктерден азат етілгеннен кейін ғана шілденің 23 мен 30-да «Қазақ» газетінің №261 мен №262 нөмірі, қыркүйектің 5-і және 16-да №263 пен №265-нөмірлері жарыққа шықты. «Қазақ» өз жұмысына қайта кіріскенімен арада көп өтпей, большевиктердің өктемдігімен басылым біржола жабылып қалды.

    Дереккөз: ҚазАқпарат

    1343
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қазақстан жаңалықтары әдебиет рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі өтті

    Келесі жаңалық

    2021 жылдан бастап Қазақстанда төлқұжатты латын қарпімен беру көзделуде

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Қазақ» газетіне - 105 жыл

      [ 2018 ] 13 ақпан, 04:40
      1344

      Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
      17982

      Маңғыстаулық студенттер киіз үй тігуден жарысты (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 24 сәуір, 13:12
      2219

      Ақын Асылбек Жаңбырбайдың «Жансусар» әдеби кеші өтті

      [ 2018 ] 7 наурыз, 05:07
      1493

      Тарихта аты қалған Бопай ханым

      [ 2017 ] 15 қараша, 15:08
      4854

      Ақын Мырзатай Болаттың 70 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті

      [ 2017 ] 15 қараша, 14:16
      2875

      Рубрикалар

        ДенсаулықМәдениетТүпқарағанАНТИКОРБейнеуЭкономикаҚызық дерек

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3229

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2983

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2822

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3280

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3091

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3065

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»