• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Тарихта аты қалған Бопай ханым

    [ 2017 ] 15 қараша, 15:08  |  Жаңалықтар

    Қазақтың баһадүр ханы Әбіл­қайырдың зайыбы, дүниеге Нұра­лы, Ералы, Айшуақтай хандарды әкелген алтын құрсақ ана, ұлт тари­хында ұмытылмас із қалдырып, өз дәуірінде көрнекті қоғам қайрат­кері, сарабдал саясатшы да бола білген Бопай ханым туралы зерт­теу жұмыстары қолға алына бас­тады. Соның нәтижесінде Бопай ханымның зираты Ресейдің Орын­бор облысының Елек ауданына қа­расты Дмитриевка деген жерінде екені анықталған болатын. Осы­нау сауапты істе әсіресе ақтөбелік ғалымдар мен өлкетанушылар белсенділік танытуда.

    Зерттеу ісінің басы-­қасында жүр­гендердің бірі «Бекет ата» мешітінің (Ақмешіт) имамы Ислам қажы Мырзабекұлы Бопай ханым жер­ленген зираттан бір уыс топырақ әкеліп, Бопай ханым дүниеге кел­ген Жылыой жеріндегі Бақашы қорымына әкеліп қойып, арнайы ескерткіш белгі орнатуға ұйытқы болды.

    Одан соң биылғы жылдың қазан айының соңында Құлсары қала­сындағы "Кең Жылыой" мәдениет үйінде «Бопай ханымның өмірі жә­не қоғамдық-­саяси қызметі» тақы­рыбында конференция өтті. Конфе­ренция жұмысына Орал, Атырау, Ақтөбе қалаларынан, Маңғыстау облысынан ғалымдар, ақын­-жазу­шылар, өлкетанушылар, Бопай ха­нымның түп­төркін туысқандары, жалпы жұртшылық қатысты.

    Келелі жиынның тізгінін белгілі ақын, жазушы, публицист Мейірхан Ақдәулетов ұстады. Ал, «Архив де­ректеріндегі Бопай ханым туралы», «Әбілқайыр хан мен Бопай ханым­нан тараған ұрпақтар» туралы тарих ғылымдарының докторлары, про­фессорлар Ә.Қ.Мұхтар, А.Қ. Ахмет, «Әбілқайыр ұрпақтарынан шыққан атақты ханымдар» тақырыбын­ да Ұ.Т. Ахметова баяндама жа­сады. Сондай-­ақ Светқали Нұр­жанов, Ертай Ашықбаев секілді ақындар да Әбілқайыр хан мен Бопай ханымға қатыстытың де­ректерін көпшілік назарына ұсын­ды. Ауылшаруашылығы ғылым­дарының докторы, профессор Б.Ж. Таубаев Кең Жылыойдағы қа­сиетті жерлер туралы әңгімеледі. Конференцияға қатысушылар Бе­кет атаның әз әкесі мен әзиз ана­сы жатқан Ақмешіттегі қауымға, Құлшан атаға, Бопай ханым жер­ленген зираттан әкелінген топы­рақ қойылған жерге, Әжібай би мен Арал батырлардың басына зияраттап, дұға бағыштады. Бұл ежелгі қорымдар Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында аталған «Қазақстан­ның қасиетті жерлері картасына» енгізілгенін айта кетуіміз керек.

    Ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырлары мен, билері көп кіші жүзді отыз жылға жуық басқарған баһадүр хан Әбілқайыр қазақ елін алма-ғайып заманда сақтап қал­ған қайраткер, қазақ әскерінің бас қолбасшысы болған. Оның қол­ басшылығымен қазақтың ұлан­ ғайыр даласында талай ірі шай­қастарда айтулы жеңістерге жет­кенін тарихтан білеміз. Әбілқайыр ханның – арманы туған халқының тәуелсіздігі болғаны анық.

    Атақты қолбасшы, ел басқарған хан, тарихи тұлға жайлы жазушы­лар да, ақындар да, ғалымдар да, зертеушілер де аз жазған жоқ. Әбіл­қайыр хан туралы орыс саяхат­ шыларының жазбалары бар. Тек хан туралы ғана емес, оның отба­сы жайлы Ресей мұрағаттарында құнды деректер, құжаттар мол сақталғаны бүгінде көзі қарақты ізденіп оқитын оқырманға белгілі болып отыр. Әсіресе мұндай де­ректер тәуелсіздік алған жылдар ішінде қол жетімді болуда. Айта кетерлігі, қазақ ұлтының ұлт болып қалыптасуына аса зор еңбек еткен баһадүр хан Әбілқайыр мен оның қоғамдық саяси қызметіне белсе­не атсалысқан Бопай ханымның қайраткерлік тұлғасын зерттеудің жаңа дәуірі бастау алды десек бо­лады. Кең Жылыойдың төрінде болған ғылыми конференцияның барысында осы мәселе анық ай­тылды.

    Осы орайда Бопай ханым жер­ленген Орынбор облысына та­рихи­-зерттеу экспедициясымен барған ақтөбелік, өлкетанушы Зада Мұқашеваның жазбасын оқырман назарына ұсынамыз.

    2008 жылдың 12­14 тамыз айын­да «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Кіші Жүз ханшайымы Фатима (Бопай) Сүйіндікқызының жерленген жеріне экспедицияға жоспарлы түрде шықтық. Бопай экспедициясының маршрутына Ресей императорының геология комитетінің мүшесі Д.Н.Соколовтың 1906­-1907 ж.ж. «Из поездокъ по степи», «Наблюдения и Заметки» деген жазбасы арқау болды. Ол жазба 1990 жылдың ортасында Орынбор архивінен алынған бола­тын. Д.Соколов Орынбордан бері қарай Орал уезінің ірі Қобда, Елек, Орал маңындағы қорғандарды зерттеп, жаза келіп, осының ішінде Бопай жерленген жерді былай деп көрсеткен:

    – Раскопки Красногорского кур­гана; На Кузнечной горе в стороне от крупных рек (Илек, Урал у реч­ки Черной на холме, где как гово­рят при раскопке нашли железные вещи и обрывки парчевой одежды, а несколько верст ниже поселка Черновского, есть ручей, которо­го русские называют «Пупай». На десяти верстной карте Оренбург­ского военного топографического отделе около этого ручья, на левой его стороне на высоком Холме по ­казана «Папая, Ханьшина могила». На рукописной одноверстной кар­те Оренбургского казачьего вой­ска среди местных жителей этот холм называется «Мечетка»,­ - деп жазылған.

    Ғылым академиясының алғашқы корреспондент мүшесі, патша ше­неунігі Орынбор өлкесінде ұзақ жылдар қызмет істеген Рычковта өзінің түсініктемесінде (1712-­1777 ж.ж.) Бопайдың кім екенін айтып кеткен. «Ханьша эта — жена Абул­ хаира, хана Малой орды. Приняв­шего русское подданство» русские называют ее «Пупай», интересна тем, что совпадает со современ­ным названием ручья. Можно пред­пологать из сопоставления этих названий, что на холме. Мечетка, где ныне виднеется едва заметный издали бугорок, была могила и па­мятник вдовы хана Абулхаира, ве­роятно такого же приблизительно вида, как и памятник ее мужа».

    Екатерина патшаның тұсында бұл жерде ертеде немістер қоныс­танған «Черновский» деген елді ме­кен болған. Бұл атау Д.Г.Соколовтың картасында да келтірілген. Ал біз көргенде аумағы 35 шақырымдай елсіз жер екен.

    Бопайдың зираты Соль­-Илецкі­ден тіке барғанда 70 шақырым­ дай оңтүстікте, Орал облысының Шыңғырлау ауданымен шекара­дағы жерде әскери полигонның ай­мағында болып шықты. Қасында «Бопай сайы» деген жылға бар екен.

    2004 жылы Жиренқопада Қо­быландыға ескерткіш ашылу тойына Орынбор облысынан қо­нақтар келгенде, солардың ішінен Соль­-Илецкі тұрғындары Қоған­баев Хайролла, Баянасов Жұмағали ақсақалдармен кездескенмін. Бопай жерленген жерді сұра­ғанымда, табуға жәрдем береміз деген еді. Осы кісілердің айтуы­ мен және Бопай сайына жақын жерде 1930 жылдан бері тұратын өз шаруашылығымен айналыса­ тын Тілеуғалиев Ұлықпан ағайдың көрсетуімен Орынборды айналып Елек ауданынан 70 шақырым жер­дегі «Димитров атындағы жылқы зауытына» бардық. Қазір осы зауыттың орны қалған екен, 1929 жылдан бері әскери полигонға беріліпті. Бұл арада мұсылманның ескі зираты бар екен Жергілікті үлкендердің айтуы бойынша «Бо­пай сайы» деп аталатынын білдік. Атау қалған. Ал қорымның төменгі жиегіне соңғы қабірлер 1947 жылы жерленген. Сапасы төмен дайындалған ескі құлпытаста жазу­лар өшіп қалыпты.

    БОПАЙ КІМ БОЛҒАН?

    Бопайға байланысты 200-­ден ас­там жолдар айғақтарды архив де­ректерін ақтарған ғалымдар, жазу­шылар соның ішінде Ирина Ерофе­ева, Әбіш Кекілбаевтар жазған.

    Бопай — Әбілқайырдың екінші қосағы. Бірінші әйелі өлген соң, 2­3 жылдан кейін барып Бопайға үйленген. Әбілқайыр мен Бопайдың жұбайлық өмірі аңызға айналған. Қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар, ол ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмлігер әйел. Кіші жүзден батырлығымен аты шыққан көк найзалы Адайдың Табынай бөлімі тұқымынан тараған ер Сүйіндіктің қызы Бопай ханым — шын мәнінде айтуға тұрарлық, мақтан етерлік тарихи тұлға. 2009 жылы Орынбор мемлекеттік архи­віне іс­сапармен барған кезімізде әкесі Сүйіндікке байланысты 1895 жылғы жазба бойынша деректі көргенбіз. Қазіргі Орынбор облы­сында Адам ауданының аумағында Сүйіндік болысы, Сүйіндік имения­сы және Сүйіндік өзені болған. Бұл дерек 1912 жылы Орынбор қаласында Ф. Яковлев баспахана­сында басылған «Материалы по киргизскому земле использованию собранные и разработанные ста­тистической партией Тургайско­ Уральского переселенческого рай­она» деген кітабынан алынды. Он­да «Суюндукская волость зимовка у реки Суюндук» деп көрсетілген. Бопайдың әкесі Сүйіндік батырдың өзі де, балалары да ханның сенімді адамдары болған. Олар қалың оқиғаларға, елдік мәселелерге араласып, ханның қасындағы кө­мекшілері болыпты. Батыр Мырза­ тайханды өлтіргеннен кейін, ге­нерал­губернатор Неплюевке ол қылмыстың әдейі, мұқият ұйым­ дастырылған екенін бетіне басып, олардың да басына осындай өлім келетінін ескертіп қорқытқан. Әбіл­ қайырдың өлімі үшін кек қайтару оқиғасына да Бопайдың ағасы Қо­най батырдың белсене қатысқаны деректерде жазылған.

    Бопай ел анасы аталып және оның қай ұлы да осал болмаған, олардың тарихта қалуына тағы­лымды тәрбие берген. Бопайдың өнер, ғылым жанашыры болғаны туралы мәліметтер тарихи дерек­терде сақталған. Ол орыс патша­сы алғаш ұйымдастырған музейге қазақ халқының этнографиясы ту­ралы мәліметтер жинастыруға көп көмек берген.

    Саясаткер, мәмлегер, қайраткер болғанын Бопайдың 1748 ж. 5 қазанда Елизовета Петровнаға, 1731 жылы 22 қараша патшайым Анна Иоановнаға жазған хатынан көрінеді. Бұл – сол дәуірдің шындық көрінісінен сыр суыртпақтайтын нағыз тарихи дерек­хат. Бопай ханшаның патша сарайынан алған сыйлықтары туралы Әбілқайырдың жанында болған прапорщик Муравин 12 қараша 1742 ж. журналында: «1 голь, 1 пара соболей, 1 соломей­ка, 2 платка итальянских бисеру, 2 выдры, 2 бобра, мех чернобурой ценой — 100 руб, денег 50 рублев, Абулхайр хану после присяги се­ребряною оправою с бирюзою ценой 65 рублев, пара пистолетов с медною оправою, панцирь желез­ной со объявлением что он хан, то оружие служает в против непри­ятелей е.и.в. и воохранение своего здоровия употреблял» ­деп жазған.

    Бопайдың сұлулығы мен ақыл­дылығы ерекше болған. Ағылшын суретшісі Джонь Кэстль 1736 жылы хан ордасында болып, сол кезде Бопайдың 40­-тың ортасынан асқан шағын аса қызығушылықпен әдемі суреттеген.

    Бопай дүрбелеңі көп, жаугер­шілік, тыныштығы жоқ кезде өмір сүрді. Ханымдығынан бұрын ба­тырлығы ерен ана болды. Ресей императорының қолында ама­натта болған Ералы, Әділді 6­7 жыл қатарынан көрмесе де, са­ғынышын ішіне сақтап, сыр бер­мегенін ағылшын суретшісі Джонь Кэстль өзінің кітабында көрсет­кен. Ералының «Суретін салып алып келгенде Бопай ханым ұзақ қарап, көзіне жасалды, ризашы­лықтың белгісі ретінде, маған шы­мылдықтың астынан қымыз ұсын­ды» – дейді. Өзі етене білмейтін шет мемлекетке елі үшін аманатқа берген баласын сағынып, сарғаю – ана үшін үлкен қайғы, қасірет. Сол жағдайда өйтпеске болмайтынын түсінді. Жау жағадан алып жатқан кезде елге төнген ауыртпалықты көтере білді.

    ТӘРБИЕ - ТАЛ БЕСІКТЕН

    Бопай, әуелі, қазақтың қызы. Қазақ әйелінде болатын ізет, иба, кішіктіктің бәрі бар еді. Қайтседе ерінің атын оздыруға деген құлшынысты, талапты да бойына жинаған. Әбілқайырда 3­4 әйелі болғанымен, тарихта тек Бопай аты қалды. Бопайдан тараған ұлдары ел билеп, хан болып сайланған. Жоңғар шапқыншылығына қазақ­тың басын біріктіріп, тойтарыс бер­ген, «Аңырақай шайқасында» же­ңіске жетіп, осынша абырой­атаққа ие болған, ел билеген күйеуінің көлеңкесінде қалып қоймай, үлкен басқосуларда ел алдында жағдайға байланысты өз көзқарасын біл­діріп, басу айтып отырған ел ана­сы болған. Бопайдан тараған қыздар да осал болған жоқ. Тойғара Нұралыханқызы Орынбор губер­ наторы арқылы қазақ хандығына байланысты саяси ықпал жүргізе білген. Ол Петерборда да бо­лып, озық сән­-салтанат үлгілерін тез қабылдап, үлгере білген. Ол - қазақ тарихында 1806 жылы мем­лекет тарапынан алғашқы жер­ге ие болған қыз. Өкінішке орай Тойғара туралы архивтегі дерек­тер біздің қолымызға жетпеді. Хұсни Нұралыханова - бізге белгілі ағартушы Ы. Алтынсариннен де бұрын Батыс Қазақстанда алғашқы мектеп ашқан мұғалима. Тағы оқыңыздар: Маңғыстаудың жолаушы вагондары қысқа дайын ба?

    Әбілқайырдың шөбере қызы Жақсы ханым Пірәліқызы өз за­манында ел басына түскен небір қиыншылықтарға қарамастан, Сыр бойындағы қазақтарды Кіші жүзден бөлмеу, керісінше бірлікте ұстау саясатына қолдау көрсетеді және басқа да елді біріктіру әрекеттеріне қатысқан.

    Ал XX ғасырда нәубет құрбаны болған, музей экспозициясында орын алған Шахзада Аронқызы да осы Бопайдан тараған ұрпақ. Тек халық жауының әйелі болғандықтан емес, КГБ тергеушілері Шахзаданы жеті атасынан тексеріп, арғы атасы Абылай хан, бергісі Қаратақ сұлтан екендігін білді. Ол үш бірдей жоғары оқу орнынан қуып, ақыры білімді қайсар қызды атып тынды.

    Бопай алғыр, сауатты болған. Ресей үкіметінің жоғарғы лауазым­ды адамдармен (40 шақты) хат алысып және жеке мөр ұстаған. 1751 жылы 8 шілдеде Бопай Орын­ борға келіп, 7 тамызға дейін болып, Губернатордың қабылдауына кі­реді. Облыстық музей қорында қа­зақ халқының Ресейге қарағанынан былайғы уақыттағы тарихына қатысты деректердің дені орыс тарихшыларының, әскери адам­дарының еңбектерінде екені белгілі. Көптеген материалдар ішінде Әбілхайыр ханмен бірге Бопай ханымның да аты жазылған. Әбіл­ қайырдың 1748 жылы 26­ августе Орынбор генерал губернаторына жазған өсиет хатының көшірмесінде артында қалған халқыменен қоса, Бопай ханшаның атын ерекше атап, оның іс­-әрекеттері қолдауға тұрар­лық деп атайды.

    Айнахан ЕСЕТ

    4624
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар маңғыстау жаңалықтары әдебиет рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Табиғи биологиялық жасқа жетпеудің себебі не?

    Келесі жаңалық

    Келер жылы маңғыстаулық мектептер қағаз журналсыз баға шығара бастайды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Тарихта аты қалған Бопай ханым

      [ 2017 ] 15 қараша, 15:08
      4625

      «Абыз аға – Әбіш» байқауының жеңімпаздарына шәкіртақы тағайындалады

      [ 2019 ] 19 қыркүйек, 14:56
      4348

      «Оңайгүлдің өлеңінде ән бар»: Ақтауда ақын О.Тұржанның кеші өтті

      [ 2019 ] 24 қаңтар, 07:23
      2193

      «Өзімнің атым Қашаған» жыр жинағының тұсауы кесілді

      [ 2018 ] 16 тамыз, 10:18
      1786

      Мұқағалидың туған күніне орай жас ақындар байқауы өтті (ФОТО)

      [ 2018 ] 12 ақпан, 11:53
      1749

      Әкімдер ақындарды іздеген күн

      [ 2017 ] 26 желтоқсан, 07:18
      1711

      Рубрикалар

        ФотоРедакция туралыКомплаенсАудан тынысыҚазақстан жаңалықтарыСұхбатСаясатанонсРедакцияҚоғам

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3009

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2757

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2592

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3079

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2877

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2811

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»