• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Ақын Мырзатай Болаттың 70 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті

    [ 2017 ] 15 қараша, 14:16  |  Мәдениет

    «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар, туған жер» бағдарламасы аясында оқырмандарды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Ақын шығармашылғымен жастарды тереңдей таныстыру шығармашылық кездесудің мақсатында Жетібай ауылдық мәдениет үйінде кітапхана  басшысы Жеміс Сатқанбаеваның ұйымдастыруымен Мырзатай Үйсінбайұлы Болаттың 70 жас мерейтойына арналған шығармашылық кездесу өтті.

    Қазіргідей қым-қуыт, ұшқыр жылдамдықтың заманында үйлерінде отырып жазуын жазып, өлеңін шығарып отыратын жергілікті шығармашылық адамдарына бұрынғыдай жылы шырай азайған сыңайлы. Оларды жергілікті мәдениет ошақтары, көбіне кітапхана меңгерушілері тек мерейтойы тұсында, немесе жаңа баспа бетін көрген кітабының тұсаукесеріне қатысты іздейтін болды.

    Сондай бір мерейтой биылғы күзде 70 жасын толтырған жетібайлық талантты ақын, сауатты сыншы, шебер аудармашы, қаламы жүрдек, елжанды журналист, маман педагог және сырлы сазгер, «Қарақия ауданының құрметті азаматы» Мырзатай Үйсінбайұлы Болаттың шығармашылығына арналды. «Ақиқаттың ақтангері» атты шығармашылық кездесудің алғашқы құттықтау сөзін ауыл әкімі Қуаныш Асанов пен аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Дүйсенбай Атағараев алып, ақынның ауданға сіңірген еңбегі, журналистік жолында атқарған жұмыстары туралы әңгімелеп, иығына шапан жапты.

    Жетпіс жасына жарқын көңілмен, толымды жинақпен жетіп отырған осынау мерекелі мерейтой күні Мырзекеңді жан жүрегімен жарқылдай құттықтап келген, ұстаздық еңбек жолындағы бір топ әріптестері Жұмабай Қалиев, Исан Сейітмұқанов, Мәдинаш Нұртілеуова, Сәрсен Сражанов, Шархат Қонысбаева, Несібелі Челеева, Роза Атақаева т.б. әріптестері  кеш иесіне  қатысты жылы лебіздерін білдіріп, оның азаматтық тұлғасы туралы біраз сыр шертті.

    Ақынның тұстастары, сонау тоқсаныншы жылдардың басында нарық қыспағында қалған аудан орталығы Ералы поселкесінің халқы облыстың өндірісті мекендеріне көшіп, құрып кете жаздаған Құрықтың бүгінгі портты айлаққа айналғанға дейінгі аралықта тыныс-тіршілігінде болып жатқан игіліктерде ақынның да үлесі бар екені айтылды.

    Әдебиет сыншысымақтарының Әбіш Кекілбаев сынды заңғар тұлғаның шалғайына жабысып, баспасөз бетінде тұс-тұстан қанден иттей шәуілдеп жазушының арына тиіп, азаматтық суреткерлік беделіне күндестіктің күйесін жаққан  шақта Мырзатай ақынның ел ішінен бас көтеріп, «Кие мен күйе» деген тақырыппен ақиқаттың алмас қаламын жарқ еткізгені – батылдық қана емес, ерлікке бара-бар іс екенін еске алысты.

    Арасында көрермен көпшілік Мырзатай Үйсінбайұлының әні мен сөзіне жазылған  «Маңғыстау әнін» Әбуғали Ибраев пен Айдана Жексенбайдың орындауында тыңдап, көңілі көтерілді.

    Кездесу барсында көрермен қауым жазушының өмірбаянымен танысты. Мырза Құдай бір басына бірнеше өнер сыйлаған сан қырлы талант Мырзатай Үйсінбайұлы Болат 1947 жылдың 12 қарашасында Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында туған.

    Еңбек жолын Жетібайда мұнайшы-оператор болып бастап, 1966 жылы сондағы кешкі мектепті бітірген. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология бөлімін тәмамдайды.

    1971-1985 жылдар аралығында Жетібайдағы  № 8 орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарып, 1983 жылы іс-тәжірибесі теледидар арқылы республика ауқымына таратылды.

    Мырзатай Үйсінбайұлы Болат 1994-2003 жылдарда Қарақия аудандық Мәслихатының қатарынан екі шақырылымда депутаты болып, белсенді  қоғамдық қызмет атқарады.

    1985 жылдан журналистік қызметке бет бұрған ол:  Қарақия аудандық «Түлеген түбек» газетінде редактордың орынбасары, аймақтық «Хабар» газетінде редактор, республикалық «Үш қиян» газетінде Бас редактор болып,  жұртшылыққа өткір тілді журналист, білікті редактор ретінде танылады.

    Мырзатай ақынның өлеңдері: «Қарлығаш», «Жыр-моншақ», «Жадымдасың, Жаңаөзен» секілді  ұжымдық  жинақтарға, сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған «Маңғыстау әдебиеті» хрестоматиясына енген.

    Поэзиясын Өтежан Нұрғалиев, Қадыр Мырзалиев секілді қазақтың классик-ақындары жоғары бағалаған Мырзатай Үйсінбайұлы – сегіз кітап шығарған қаламгер. Олар: «Бір арман» (өлеңдер), «Оқшау сөз» (әдебиет пен өнер сыны), «Бостан сөз» (журналистік толғаныстар), «Күретамыр» (өлеңдер мен мақалалар), «Тұрсынғали Көшенұлы» (мұнайшы жайлы деректі әңгімелер), «Бейтаныс әйелдің хаты» (Стефан Цвейгтен аударма), «Дүние-жарық» (таңдамалы шығармалар), «Зердебай Бекарыстанұлы» атты кітаптары бар.

    Ол сонымен бірге бірқатар кітаптарға редакторлық жасаған: «Балқан тауға барған ел», «Бір күндік сәуле», «Мұнайым бар, мұңым бар», «Өзімнің атым Қашаған».

    Одан соң оқырман қауым ақнның студенттік шағындағы досы, жерлесі марқұм Жүсіп Әділбай екеуінің әні мен сөзіне жазылған «Адасқақ» әнін Әбуғали Амандықтың орындауында тыңдады.

    Осы мерекеге арнайы ат басын бұрып, ағай шығармаларының оқырмандары болып келіп отырған, Маңғыстау облыстық Қабиболла Сыдиықов атындағы кітапхананың әдіскері Нұргүл Еңсегенова және «Қарақия» аудандық газетінің Бас редакторы Шынар Кендінге сөз кезегі берілді.

    Мырзатай Үйсінбайұлы Болаттың бір қыры – сазгерлік болғандықтан оның мерейлі жасына арналған атаулы шараның ән-күйсіз өтпейтіні белгілі. Оның музыка мамандары мойындаған: «Маңғыстау» атты әні, «Ыңғайтөкпе», «Қара жорға», «Домалатпай» деген күйлері бар. Сазгердің «Қара жорға» күйі – Айтберген Жаңбыршының  құрастыруымен 2008 жылы шыққан Маңғыстау күйлерінің «Нарату» атты жинағына енген.

    Белгілі сөз және саз өнерінің иесі ретінде «Маңғыстау энциклопедиясында» Мырзатай Үйсінбайұлы Болаттың өмірі, қызметі және шығармашылығы туралы шағын мәлімет бар.

    Оған 2013 жылы «Қарақия ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген.

    Жетібай «Өнер» мектебінің домбырашылар ансамблі «Ыңғайтөкпе» және «Қаражорға» күйлерін орындап, көпшілікті күй әуенімен сусындатты.

    Тағы оқыңыздар: Аймақта нәресте өлімі 20,4%-ға төмендеді

    Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, өмірбаяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен жеткен де бар, жетпеген де бар.

    Қалды артта Жетпіс асу, қия шыңдар, Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар. Шұғыла шуақ төктің, айналаңа, Жас жігіттей әлі де қуатың бар. Жария боп жақсы атың алты Алашқа, Келесіз үлгі болып барша жасқа. Келесі сөз кезегін шығармашылық кездесу барысында ағайға сұрақ қою үшін оқырмандарға береміз. Жүрегі аузын ашса көрінетін, Базары жайсаңдардың тарқамас та. Толқындай  аңқылдадың ақтарылып, Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып. Ақ туын адалдықтың желбіреттің, Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп. Танытып еңбегіңмен сан қырынды, Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.

    Сөз кезегін ақынның бірге жүрген құрдастарының, замандастарының ішінен кітап десе ішкен асын жерге қоятын, әдебиетке жаны жақын, кітапхананың құрметті оқырманы, аузы дуалы қазыналы қария Парахад Қарашбаев алып, көпшілік алдында өзінің қатарлас досы туралы жүрекжарды тілегін білдірді.

    Ақынның өзі тәрбиелеп оқытқан шәкірттерінің ішінен өзінің жолын қуған Құрық гимназиясының ұстазы Кенжегүл Төлембетова ағайдан алған өнегесі мен үлгісі жөнінде айта келіп, аудандық, облыстық, республикалық ақындар бәйгесінің жүлдегері Азамат Орынбасаров арнау өлеңін айтты.

    Мырзатай Болаттың жақында ғана баспадан шыққан, әлі сиясы кеуіп үлгермеген өлкемізге белгілі сөз жүйрігі, әдебиетші – ұстаз, бұрынғы Маңғыстау ақындары жырларының белсенді жинаушы-насихатшысы, ағайдың туған атасы Зердебай Бекарыстанұлы туралы жазған «Зердебай Бекарыстанұлы» атты поэмасын өнер мектебінің ұстазы, жыр дүлділі Сәуірбаев Аманбек  орындады.

    Кездесу барысында оқырмандар қаламгерге сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Сонымен қатар, шығармашылық кездесуде ақын шығармашылығы мен өмірбаянына арналған «Ақиқаттың ақтангері» атты кітап көрмесі, слайд, бейне роликтер қойылып, тамашаланды.

    Үміт ЖӘЛЕКЕ

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="41957,41955,41954,41956"]
    2812
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет маңғыстау жаңалықтары әдебиет рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қожантай Қойбас Жалбырұлы кім болған?

    Келесі жаңалық

    Ақтауда «Каспий жұлдызы» атты республикалық конкурс өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
      17950

      Маңғыстаулық студенттер киіз үй тігуден жарысты (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 24 сәуір, 13:12
      2193

      Ақын Мырзатай Болаттың 70 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті

      [ 2017 ] 15 қараша, 14:16
      2813

      Бұл - құбылыс қой

      [ 2018 ] 27 ақпан, 13:52
      1357

      «Дала дидары» әдеби-сазды көшпелі өнер ұжымы Жаңаөзенге келді

      [ 2017 ] 18 қараша, 16:03
      1957

      Маңғыстау облысының әкімі Есенғали Раушановты қабылдады

      [ 2017 ] 23 қазан, 06:36
      1856

      Рубрикалар

        Аудан тынысыАшық қоғамМұнайлыӘдебиетМәдениетТүпқарағанБейнеуФотоСаясатЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3009

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2757

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2593

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3080

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2877

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2812

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»