• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Қожантай Қойбас Жалбырұлы кім болған?

    [ 2017 ] 14 қараша, 11:42  |  Мәдениет

    ©

    АЛҒЫСӨЗ: Редакциямызға облыс орталығынан Ақшатай Тасмұратова есімді оқырманымыз арнайы хабарласты. Қолында бар Қойбас Жалбырұлы туралы естелікті жүйеге келтіріп, жариялауға өтініш жасаған болатын. Өзін Қойбаспен рулас қауымның ұрпағы ретінде таныстырған оқырманның өтінішін орындадық. Ендеше, төмендегі мақала Маңғыстаудың әнші-термешілерінің бірі Қожантай Қойбас Жалбырұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертеді.

    Қазақтың жазба әдебиетінен бұрын, ауыз әдебиетінің дамығаны белгілі. Ауыз әде­биетіне үлес қосушылардың қатарында өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын – жырау, жыршы, ақын, өлеңші, тер­мешілердің үлес қосқаны белгілі. Бірақ ел арасында бірден­-екіншіге тарқатылып, кейін­гі ұрпаққа үйретілген әндер мен өлеңдердің кейбір авторлары әлі күнге беймәлім қал­пында қалуда. Осындай ән шығарған, өз әнін өзі орындаған өнер иелерінің ішінде Қойбас Жалбырұлының аты да аталып жүр. Туылған жылынан дерек келтірілмеген Қойбастың Қожантай руының Бекайдарынан таралатын қауым ұрпағы екені айтылады. Осыған дейінгі келтірілген деректерде Қой­басты тек әнші ретінде көрсетсе, кейіннен халық әні болып кеткен әндердің авторлары іздестірілу кезінде Қойбастың шығарған 32 шығармасы бар деген ұйғарым жасалды. Бұл ұйғарымды Жыңғылды ауылының тума­сы Алтынбек Тілегенов ақсақал 2006 жыл­дың 12 қаңтарында «Үш қиян» газетіне шы­ғарған «Қожантай Қойбас Жалбырұлы» атты мақаласында да келтіреді. А.Тілегенов өз сөзінде Қойбастың термесінен үзінді кел­ тіріп:

    «Қарындас келдің қаумалап,

    Сөйлейін сөзді саумалап.

    Сендер сөйле дегесін,

    Атасы арзан жел сөзді,

    Төгейін енді қаумалап.

    Іркілейін несіне?!

    Арғы жағын қаладан

    Пұл жіберіп базардан

    Алғаным жоқ саудалап.

    Жылқы ішінде – шұбармын

    Шұбарға таққан тұмармын.

    Өзім шұбар болғасын,

    Әрі­-бері сөйлеп қызғасын,

    Топтан ойнап шығармын.

    Қалағандарың ән болса,

    Керектерің жыр болса,

    Отыз екі түрлі әнім бар.

    Бірі – айыр, бірі – нар.

    Бірі – қайың, бірі – тал.

    Бірі – шекер, бірі – бал.

    Бірі – жая, бірі – жал.

    Алқалаған ағайын,

    Алдарыңа салайын,

    Ішінен таңдап бірін ал – деген Қойбастың термесіндегі өлең жолдары дәлел» ­ дегенге келтіреді. Одан бөлек осы мақалада автор «Қойбас тек әнші емес, ақпа ақын да болуы керек деп жорамалдаймын. Деректерге қа­рағанда айтыскерде болған. Ақтөбенің ойы­лында Кетенің қызымен айтысып, жеңгендігі жөнінде естелік бар» деген сөздерді жазады.

    Ақшатай апамыз халықтың Қойбас туралы құлақтанып, оның шығармаларының таныл­ғандығын қалайды. Оның айтуынша – Қойбас өз заманының сал-­серілерінен кем емес. Се­бебі сол кездегі атақты әншіні ел болып құрметтеген деген естелік айтады. Дауысы­ның кеңдігі сондай, әндеткенде 2-­3 күндік жердегі ауылдарға естілетін болған. Одан қалса өзі серілікпен ел ішін аралап, қонақ болған ауылын ән мен терменің астына қалдырып, думандатып жүрген. 1932­-1933 жылдары Алматы қаласына шақырылып, филармонияға алынады. Атақты Ғарифолла Құрманғалиевке сабақ берген. Онымен бірге Алматыда филармонияда ән де салған. Ғарифолланың репертуарында Қойбас шы­ғарған әндер де болған. Бірақ кейіннен Қой­бастың халық жауы атануына байланысты оның әндері орындалмай қалған немесе орындалса да авторы бұрмалануға мәжбүр болған. Сондықтан оның әндері кейінгі ұр­паққа халық әні деген атпен жетіп отыр.

    Ғалым Қабиболла Сыдиықұлының тең­дессіз ерен еңбегінің нәтижесінде ақын­ жыраулар мектебінің көрнекті өкілдері – Абыл Тілеуұлы бастаған Ақтан, Қашаған, Аралбай, Нұрым, Қалнияз, Түмен, Сүгір, Мұрын сынды ақпа-­төкпе ақын­жыраулар; күйшілер мектебінің көрнекті өкілдері – Абыл Тарақұлы бастаған Есбай, Есір, Құлшар тәрізді күйші-­композиторлар; әнші-­жыршы­лар мектебінің көрнекті өкілдері – «жеті қайқы» атанған – Өскенбай, Жылкелді, До­сат, Әділ, Тұрсын, Тастемір, Шолтаман, бұ­лардан да  басқа  Қайып,  Қойбас, Мұрат тәрізді әншілер, Қаражүсіп тәрізді сәулетлер, Бейнеубай тәрізді шыңыраушылар, Қожамбет бастаған палуандар, Тобанияз, Жалау Мыңбайұлы бастаған мемлекет қай­раткерлері, т.б. туған халқымен қайта қауы­шып еді. Соның нәтижесінде Қойбас орын­даған әндер де өз ұрпағымен қауышты. «Аты мәлім шығарманың аты белгісіз авторы бол­мауы керек» деген қағиданы ұстанған «Сөз бен саздың» Түпқарағанда өткен концертін­ де Қойбас Жалбырұлының «Маңғыстау, сені тастап қалай кетем» деп басталатын «Маң­ғыстаумен қоштасу» әнін Ақмарал Ерімбе­това орындады. Одан бөлек Сәуле Жан­пейісованың орындауында «Нарқыз», Күріш Тасболатовтың орындауындағы «Дәлей­шім», дұрыс аты «Қиқым көл» де осы Қой­бастың әні екен.

    Әншілігінен кейін Қойбастың ел арасында атқарған істері де айтылады. Себебі ол Ал­матыға шақырылғаннан кейін көп ұзамай, 2­-3 жылдан кейін еліне сұранады. Елге оралған соң 1937 жылдары тұрмыстық тір­шілікке орай маңғыстаулық жатақтарды Ақ­төбе облысының Қобда ауданына апарып қоныстандырып, «Еңбекші Адай» атты серік­тестікті ұйымдастырушының бірі болады. Ол жерде егін шаруашылығымен айналысатын серіктестік төрағасы болып қызмет атқарып жүргенде «Қойбастың үйінде Тобанияз хан­ның айбалтасы жасырын сақтаулы» деген әлде-кімдердің көрсетуімен ұсталып, Ақтөбе, Қарағанды түрмелеріне жіберіледі. Түрмеде жатқан кезінде де түрмедегі адамдарға өлең айтып беріп, көңілдерін көтерген екен. Елде­гі түрмелерде 2 жылдай ғана болып, кейін Қиыр Шығыстың (Дальний Восток) түрмесіне жіберіледі. Сол жерде аштықтың әрі суық тиюдің әсерінен Қойбас ауырып, ақыры осы аурудың жеңуімен шамамен 1939 жылдары дүниеден өтеді.

    Қазақтың атағы жер жарған дарындылары да, ғалымдары да, өнерпаздары да аз болмаған. Бірақ өткен жылдар ескірсе де, ұрпақ өз дарынын ұмытпақ емес. Дарынның бірі Қойбас Жалбырұлы болса, оның ұрпағы Ақшатай апай сияқты іздеушісі бар екен. Біз апайдың өтінішін барымызша орындауға тырыстық. Қойбас Жалбырұлының ұрпақ­тары болса немесе осы кісі туралы толымды естелік білетін адам болса редакциямызға хабарласуын сұраймыз.

    Ақшатай Тасмұратованың материалдары бойынша дайындаған

    Клара  ҚАНСҰЛТАНОВА

    2248
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет аудан тынысы рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау театрында жаңа премьера

    Келесі жаңалық

    Ақын Мырзатай Болаттың 70 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мұнайлыда жаңа мәдениет үйі ашылды

      [ 2018 ] 21 желтоқсан, 06:24
      4299

      Көрермендердің талғамы биік, таңқалдыру қиын

      [ 2018 ] 19 шілде, 09:00
      2117

      Жаңа кітаптар келді

      [ 2018 ] 22 маусым, 05:47
      2155

      Құрыққа Құдайбергеновтер келді

      [ 2018 ] 24 мамыр, 06:24
      1074

      Талаптыға нұр жауар

      [ 2018 ] 15 наурыз, 07:03
      1354

      Таушықта күйші Роза Айдар­баевамен кездесу өтті

      [ 2017 ] 28 желтоқсан, 12:12
      1513

      Рубрикалар

        Редакция туралыМәдениетЭкономикаБайланыс мәліметтеріБайқауҚазақстан жаңалықтарыСараптамаРедакцияҚоғамХабарландыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3196

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2951

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2786

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3247

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3058

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3027

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»