Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры жаңа қойылымын көрермен назарына ұсынғалы отыр. «Күйеуіңізді сатыңызшы" (Продайте мужа). Жаңа премьера дәл осылай аталады. Ресейлік жазушы-сатирик, драматург Михаил Задорновтың әйгілі комедиясында отбасылық өмірдің қызығы мен шыжығы көрсетіледі. Қойылым бір еркекке екі әйелдің таласуын, «ойнақтаған бұзау от басардың» кебін киген басты кейіпкердің тауқыметін әзілмен көрсету арқылы көрерменге жанұяны сақтап қалудың маңыздылығын ұқтырады. Мұны тек көру керек. Ал премьера 15, 17 қарашада өтеді. Басты кейіпкердің рөлін Сүндет Сәрсен мен Рамазан Ақтаев сомдайды. Ал, оның жарын «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Гүл Зиятова мен Марина Федоренко ойнаса, өзі ерке, өзі жас бойжеткеннің рөлі Эльмира Керімбаева мен Айым Сұлтановаға тапсырылған. Қойылымның қоюшы-режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева, ал қоюшы-суретші ҚР мәдениет қайраткері Гүлнар Канафина.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="41651,41654,41652"]