• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Бұл - құбылыс қой

    [ 2018 ] 27 ақпан, 13:52  |  Мәдениет

    Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, халыққа кезекті Жолдауы қоғам тіршілігінің барлық саласын түгел қамтып, дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, оған айтарлықтай серпін туғызды. Мәселен, біздің өткен тарихымыздың айтылмай да, ашылмай да жатқан қырлары әлі де көп. Соның ішінде Алаш Үкіметін құлатып, оны құрған қайраткерлерді биліктен тайдырып, большевиктер үстемдік алған 1937 жылғы қатыгез қанды репрессияға дейінгі кезең ерекше сақтықпен зерделеуді қажет етеді. Өйткені бұл аралықта Алаш биліктен кеткенмен, оның алға қойған ұлттық мұраты мен арманы большевиктік ел билеудің шаужайына жабысып, білдірмей де, білдіріп те онымен қатарласа, қапталдаса бірге жүріп отырғанын жоққа шығаруға болмайды екен.

    Қаңтардың 15-і күні Астанамыздың Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық драма театрының сахнасынан «Елім деп өткен  Ер  Жалау»  спектаклін көргеннен кейін мен осындай ойға келдім. Авторы, белгілі жазушы-драматург – Өтен Ахмет. Қош делік. Ал сахналаған «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы жастар қанатының әуесқой жас әртістері – мектеп оқушылары, колледж студенттері. Режиссері де әуесқой, жастар қанатының жетекшісі, жас талант – Әлия Исаева ханым. Мәскеу атты орталық әбден күш алған, қазақ елі тарихындағы ең бір күрделі кезеңде Үкімет басқарған Жалау Мыңбайұлындай, оның сенімді серігі Сұлтанбек Қожановтай, еріксіз шетел асқан Мұстафа Шоқайдай кез келген менмін дейтін әртістің өзі жүрексінетін ұлы тұлғалардың рөлінде ауыздарынан емшек табы кеппеген жас балалар ойнайтынын білгенде, қазақта «Қолың көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген мақал бар ғой, сол естеріне түскендей, зал толы көрерменнің ә дегенде іш тартып қалғаны рас. Алайда сахнадағы көріністер басталған бетте-ақ ол күдікті ойды бірден ыдыратты да жіберді. Сахнадан тар заманды, тар заманда қазақтың еркіндігі мен берекелі болашағы үшін жандарын шүберекке түйген кешегі ұлы тұлғаларды көрген көрермен кейіпкерлермен бірге толғанды, қиялымен үндесіп солармен бірге тар жол, тайғақ кешті, халыққа орны толмас нәубет әкелген уақыттың уланған ауасын бірге жұтты, запыран құсты.

    Оқиға алғашқы астанамыз Орынбордан Ақмешітке (Қызылорда) ауысқан күннен Үкімет басқарған Жалау Мыңбайұлы төңірегінде өрбиді. Небәрі 37 жасында дүниеден өткен Жалаудың қысқа ғұмырында тындырған ісі қыруар. Бірақ спектакль авторлары қайраткердің өмірбаян ізімен кетпей, оның адами қасиеттері барынша ашылатын мәнді тұстарын алған. 1919 жылы Каспий теңізі арқылы Мұстафа Шоқайды шетелге шығарып салуы, өзі редактор болып «Ауыл тілі» газетін ашқанда, үлкен үміт артып Міржақып Дулатұлының оған өзімсіне мұң шаққандай болып хат жазуы, Мәскеуден арнайы жіберілген Ф.Голощекин Қазақстанда Кіші октябрь төңкерісін жасау керек, байлардың малын тәркілеп, ауылды ұжымдастыруға көшіруді тездету керек деп жаны шыға жаныққанда, Жалау Мыңбайұлы қарсы шығып қана қоймайды, намысына күйген сәтте шыдамай кетіп, оны аямай жұдырықтап та тастайды. Жалау рөліндегі Рамазан Таңсықбаев сырт келбетімен де, ішкі жан күйзелісін беру, сөз саптау мәнерімен де кейіпкеріне ұқсай білген. Оның Мұстафа Шоқайды шығарып саларда «большевиктен көмек болады деп қорықпай қалай келгенсіз, сіздің шетелде жүріп айтар сөзіңізді мұндағылар керек қылар деймісіз» деуі, ойындағысын бұлтақтамай тура айтатын жігерлі де қайсар,  бірбеткей жан екенін көрсетеді. Сұлтанбек рөліндегі Жұмағазы Ай- дар бой тұрқы шағындау болғанмен түр әлпеті кейіпкерінің біз білетін суретіндегі келбетінен аумай қалыпты. Сөйлей жөнелгенде, жүріс-тұрысына, қимылына сөзі сай келіп, іріленіп кетеді. Ойын аяқталғаннан кейін сахнаға көтерілген Сұлтанбек Қожановтың  немересі Светлана  Борисовнаның «алдымен атама сәлем берейін» деп, Сұлтанбек бейнесін сомдаған Айдар Жұмағазыны құшағына алып, бетінен сүйіп, көзіне жас алған сәті зал толы көрерменнің көңілін түгелдей толқытып жіберді, әрі Айдар Жұмағазының ойынына берілген әділ бағадай қабылданды. Мұстафа Шоқайды ойнаған Ғазиз Ізтұрғановты мен осыдан екі жыл бұрын осы сахнадан «Азаппен өткен өмір-ай» спектаклінде Ахмет Байтұрсынұлы рөлінде көрген едім. Байыптылығы, ойлылығы сүйсіндірген. Оның бұл жолғы ойынынан да ұлты үшін бойындағы бар қуатын сарқып беруге бекінген, ол үшін еркін көсіліп әрекет ететін ашық алаң іздеген, алдағыны болжай білген кемеңгер тұлға екенін таныдық. Жалаудың жары Күміс рөліндегі Нұргүл Бектұрсынова, ақын Иса бейнесін сомдаған Наурыз Қайырбаев, қыр қазағын бейнелеген Рақымжан Ізтұрғанов спектакльдің бас-аяғы жинақы, жұмыр, әсерлі шығуына өз үлестерін қоса білді. Осындағы Қара кісі – жалған ұранға құдайдай сеніп, біліп те білмей адасып сатқындық жолға түскен, ұлтын сүйген қазақ зиялыларының басына қара түнек орнатқан белсенділердің жиынтық бейнесі. Бұл күрделі рөлді жас театрдың талантты әуесқойларының бірі – Шәміл Кенже сомдады. Ойынның басынан аяғына дейін Жалау екеуінің екі түрлі көзқарас тұрғысынан шарпысуы спектакльдің тартысты, ширақ өтуінің кепілі болды. Бұған дейін де «Азаппен өткен өмір-ай», «Жұлынқұрт», «Ананың ақ сүті», «Әке өкініші» деген спектакльдер қойып, Маңғыстау аймағын сүйсінткен, Қостанай, Астана көрермендеріне де біршама танылып үлгерген жас режиссер Әлия Исаева бұл жолы да қиын тақырыпты жақсы игерген. Жалпы әуесқой әртістердің соңғы бір жылда тындырған ісіне кәсіби театрдың өзі қызыққандай. Филиалдың басшысы, жастардың ақылшы ұстазы Жаңбырбай Матаевтың айтуынша, осы аралық ішінде бұлар 20 мың адамды қамтыған 61 рет қойылым көрсетіпті. Ойын барысында музыка беру, жарық қою жағынан да ешқандай кінәрат байқалмады. Ойымды Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының тікелей ұрпағы, алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгер сөзімен түйіндесем, «Жалау Мыңбайұлының қайраткерлік тағдыры жайында керемет спектакльді көрдік. Олар күрделі тақырыпты жақсы меңгеріп, образдарды кәсіби деңгейде сомдай білді. Драма соңында қара киімді, қара ниетті көлеңке төменде қалып, ақ киімді Ер Жалау өзінің лайықты тұғырына көтерілді».

    Сахнаға шығып, көрермен алдында спектакльден алған әсерлерімен бөліскен ҚР Ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Ө.Озғанбаев, Еуразия университеті жанындағы Алаш институтының жетекшісі, ғалым С.Аққұлұлы да жастардың өнердегі өрелі істеріне ақ тілек айтып, ризашылығын білдірді. Сонымен қоса ҚДП «Ақ жол» орталық кеңесінің хатшысы Сәбит Байдалы бірқатар азаматтарға Алаштың 100 жылдығы төсбелгісін табыстап, белсенді театр жастарын алғыс хатпен марапаттады. Қорыта айтқанда, үлкен кәсіби театрлар бата алмаған тақырыптарды игеріп, қалың көрерменнің көкейіндегі отансүйгіштік өр сезімдерін оята білген әуесқой жас әртістердің бүкіл елге үлгі боларлық бұл келелі ісі қайта жаңғырудың бір жарқын феномені – айтулы құбылыс деуімізге әбден лайық деп есептеймін.

    Аманғали ШАМШАДИН

    1356
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет әдебиет рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Көктемнің ең жарқын мерекесі - аналар күні

    Келесі жаңалық

    Ақтауда Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасының тұсаукесері өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
      17950

      Маңғыстаулық студенттер киіз үй тігуден жарысты (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 24 сәуір, 13:12
      2193

      Бұл - құбылыс қой

      [ 2018 ] 27 ақпан, 13:52
      1357

      «Дала дидары» әдеби-сазды көшпелі өнер ұжымы Жаңаөзенге келді

      [ 2017 ] 18 қараша, 16:03
      1956

      Ақын Мырзатай Болаттың 70 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті

      [ 2017 ] 15 қараша, 14:16
      2812

      Маңғыстау облысының әкімі Есенғали Раушановты қабылдады

      [ 2017 ] 23 қазан, 06:36
      1855

      Рубрикалар

        Жастар бетіЭкономикаРедакция туралыСпортҚазақстан жаңалықтарыАНТИКОРСараптамаРухани жаңғыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3009

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2757

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2593

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3080

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2877

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2812

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»