• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    «Дала дидары» әдеби-сазды көшпелі өнер ұжымы Жаңаөзенге келді

    [ 2017 ] 18 қараша, 16:03  |  Мәдениет

    Қазақтың ұлы ақыны деген құрметті атқа ие болған Мемлекеттік сыйлықтың және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының «Дала дидары» атты әдеби-сазды көшпелі өнер ұжымы Жаңаөзен қаласына келді. Аталған өнер ұжымы «Мұнайшы» мәдениет үйінде «Қадыр жолымен...» жобасы аясында концерт қойды.

    Кеште ақынның шығармашылығы шырқалды. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміровтың орындауындағы «Ақжайық» әнімен ашылған кеште ақынның шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Шара барысында сөз алған қала әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев:

    - «Ой орманынан» бастау алып, «Абыз ақын, Аңыз ақынға» айналған тума таланттың жыр жанашырлары, Жаңаөзен қаласына қош келдіңіздер! Жыр сүлейлері, мәдениет майталмандарының игі бастамасы сәтті болсын, - дей отырып қала әкімі атынан жобаны ұйымдастырушы орталық директоры Бауыржан Халиоллаға Қадыр ақынның шығармашылығын насихаттауда атқарып жүрген еңбегі үшін алғыс айтып, мұндай кештерді көптеп өткізу қажеттігін жеткізді.

    Содан соң Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Тамаша», «Сыған серенадасы», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Өз елім», «Атамекен», «Асыл әжем» атты қазақтың махаббатына бөленген әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Кеш тізгінін ұстаған журналист Бауыржан Ғұбайдуллин сахна төрінде Қадекеңнің «қалжың қоржынын» ашты.

    Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр ақынның поэзиясы сан қырлы. Ол Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, туған табиғатқа деген немқұрайлылыққа дейінгі барлық әлеуметтік саланы қамтиды.

    Тағы оқыңыздар: Құлсарыда Бопай ханымның қоғамдық-саяси қызметіне арналған конференция өтті Кеш барысында қазақтың танымал ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері және халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов және белгілі ақын, «Дарын», Қазақстан Жазушылар Одағының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының және әдебиет саласындағы ӘСЕМ КЕШ Президенттік стипендияның иегері Светқали Нұржан сөз сөйлеп, Қадыр ағалары туралы әдемі естелік айтты.

    Есенғали Раушанов:

    - Асылы, біз бақытты халық екенбіз, Қадекең сияқты ақынымыз болды. Ол өйткені қазақ деген халықтың портретін жасады. Қадекең туралы әңгіме, ол - қазақ туралы әңгіме. Арада жылдар өтер, ғасырлар өтер. Уақыт өткен сайын біз Қадекеңнің қадірін біле түсеміз. Біз ағамызды жақсы көрдік. Үнемі жанында еріп жүретін едік. Қашан да бізді қолдап жүретін еді. Қадыр шығармашылығын насихаттау жұмыстары бұдан кейін де жалғаса бермек. Елбасымыз айтқанындай, рухани жаңғыру дегеніміз, міне, осындай шараларға сәйкес келеді.

    Светқали Нұржан:

    - Қадыр ағамыз өзі құдіретті кісі еді. Қадыр араламаған бақ, ол шықпаған тау жоқ шығар. Ол кісі жырламаған тақырып жоқ шығар. Мен маңдайы мен бағым бар адаммын. 1979 жылы Алматыға барып, оқуға түскенде әуелі алдымнан Әбіш Кекілбаев ағам шықты. Содан кейін Ғұбайдолла Айдаров ағамның үйінде болдым. КазГУ-дың филология факультетінің 302 аудиториясына алғаш рет сабаққа барғанымда Қадыр ағамыз лекция оқып жатыр екен. Маған дәріс берген Қадыр Мырза Әлі мен академик Рымғали Нұрғали секілді лекция оқыған ешкімді көрген жоқпын.

    Қадыр ақынның бүгінгі ұрпақ үшін орны ерекше екенін мақтанышпен айтамыз! Аяулы Атамекенін «Күннің өзі ұясына, қимай оны батады екен» деп сипаттаған ақынның жырлары ұрпақтың мәңгілік жадында. Кеш соңы Қадыр ағамыздың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

     Гүлсім ОСПАН

    1956
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет әдебиет рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстаудың Құлбарақ батыры

    Келесі жаңалық

    Сержан Шәкірат Атырау қаласында концерт қойды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
      17950

      Маңғыстаулық студенттер киіз үй тігуден жарысты (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 24 сәуір, 13:12
      2193

      Бұл - құбылыс қой

      [ 2018 ] 27 ақпан, 13:52
      1357

      «Дала дидары» әдеби-сазды көшпелі өнер ұжымы Жаңаөзенге келді

      [ 2017 ] 18 қараша, 16:03
      1957

      Ақын Мырзатай Болаттың 70 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті

      [ 2017 ] 15 қараша, 14:16
      2812

      Маңғыстау облысының әкімі Есенғали Раушановты қабылдады

      [ 2017 ] 23 қазан, 06:36
      1855

      Рубрикалар

        Жастар бетіСаясатҚоғамҚарақияӘдебиетМәселеДенсаулықСпортМұнайлыБіле жүріңіз

      Автордың басқа да жазбалары

      Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі

      [ 2019 ] 1 қараша, 06:44
      2526

      Қала көркі мен қауіпсіздігі басты мақсат

      [ 2019 ] 27 қыркүйек, 10:08
      1797

      Жаңаөзен қаласында шахмат мектебі ашылды

      [ 2019 ] 7 маусым, 05:35
      1783

      Теңге ауылына - 55 жыл: дайындық қалай жүріп жатыр?

      [ 2019 ] 13 мамыр, 10:06
      2263

      Тоғжанов Жаңаөзендегі медициналық орталықтарды аралады

      [ 2019 ] 1 ақпан, 13:38
      1634

      Жаңаөзендіктер дәстүрлі ат спортынан жеңіспен оралды

      [ 2018 ] 7 желтоқсан, 06:17
      1607

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»