©
Ия, халқымыздың осы бір көреген сөзі - біздің сүйікті қаламыз Жаңаөзеніміздің қазіргі жағдайына дөп айтылған сияқты. Бұдан жарты ғасыр бұрын елсіз жерде, мұнай кәсіпшілігінің ашылуымен байланысты алғашында «Газгородок», Новый Узень поселкесі деп аталған Жаңаөзеніміз қазір облысымыздың экономикасы дамыған, халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып келе жатқан іргелі қалаларының біріне айналып отыр.
Архив құжаттарынан білетініміздей, Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының 1968 жылғы 21 қазандағы №1241 Қаулысымен Новый Узень поселкесіне қала статусы беріліп, Новый Узень қаласының іргетасы қаланды. 1993 жылдан бастап Жаңаөзен қаласы деп аталды. Бұл атаулы да мерейлі күнге дайындықты қала әкімдігі өткен жылдың аяғында бастап кеткен болатын. Әртүрлі шаралардың бағдарламалары жасақталып, бұл жұмысқа жауапты болып қала әкімі орынбасарының басшылығымен комиссия құрылып, отырыстар өткізіліп, қаламыздың мерейлі тойын өз деңгейінде өткізу барысына ұсыныстар, пікірлер айтылады және қабылданып отырады. Қала тұрғындарының, жеке азаматтар тарапынан да ұсыныс-пікірлер түсіп жатады, олардың бәрі ескеріледі.
Қаламыздың белгілі құрметті азаматы, ардагер-қаламгер Асылбек Айдаров ағамыздың басшылығымен қала тари- хы туралы көлемді кітап жазылып жатыр. Бұл кітапта қазір өмірде болмаса да қиын-қыстау кезеңде, қақаған аязда, азынаған боранда, шілденің аптап ыстығында жанқиярлықпен қаламыздың іргетасын тұрғызуға атсалысқан азаматтардың, қаланың экономикалық, әлеуметтік, мәдени өркендеп өсуіне белсене араласқан ардагерлер мен қазіргі буын өкілдерінің есімдері аталатын болады.
Үстіміздегі жылдың 14 наурызы күні қаламыздың «Мұнайшы» МҮ алдындағы алаңда қала тұрғындарының қатысуымен қала әкімі Әділбек Дауылбаев қаламыздың мерейлі 50 жылдығына арналған шаралардың ресми ашылғанын салтанатты түрде жариялады.
Осы күннен бастап қаламыздың мерейтойына арналған шаралар өткізілуде. Қаланың мәдениет, спорт бөлімдерінің араласуымен әртүрлі мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылып келеді. Облыстық және қалалық телеарналар архив құжаттарына сүйене отырып, қаламыздың кешегісі мен бүгінгісі туралы қысқаметражды фильм түсіруде, ардагерлерден, еңбек адамдарынан, тұрғындардан сұхбат алуда.
Қалалық «Жаңаөзен» газетінің журналистері қаламыздың тарихы туралы, оның өркендеу жолын баяндау мақсатында материалдар дайындап, қазіргі көзі тірі ардагерлермен сұхбат-әңгіме ұйымдастырып, қаламыздың қазіргі тыныс-тіршілігін нақты көрсетуде. Сондай-ақ қаламыздағы еңбек ұжымдары да бұл шаралардан тыс қалмай, өз деңгейлерінде үлес қосуда.
Әрине, бұдан 50 жыл бұрынғы 50-60 мың ғана халқы бар шағын қаланы қазіргі 150 мыңға жуық халқы бар, қанатын жайып, өсіп-өркендеген, көркейген қазіргі Жаңаөзен қаласымен салыстыруға болмайды. Сөз жоқ, қаламыз күннен күнге көркейіп, өркендеп келеді. Әсіресе соңғы 10 шақты жылдың ішінде қаламызда әсем ғимараттар бой көтеріп, архитектуралық келбеті әсемденіп келеді. Бұл жылдары қала тұрғындары үшін барлық жағдайы жасалған, пәтерлері кең «Рауан» шағынауданы тұрғызылып, оның көп қабатты бірнеше үйлері мұқтаж тұрғындардың, бюджет қызметкерлерінің игілігіне берілді.
Қаламызда әсемдігі жағынан бірінен-бірі өткен сауда, ойын-сауық орталықтары бой түзеп, мейрамханалар салынып, қала тұрғындарының тұрмысына, тыныс-тіршілігіне, демалуларына қолайлы жағдайлар туғызуда.
Жекеменшік секторда да көп қабатты әсем үйлер бой көтеріп, қала маңының көркін келтіруде. Қала басшылығы енді 7-ші шағынаудан ашуды жоспарлап отыр, мұның бәрі қаланың өсіп, өркендеуінің айғағы және қаланың тазалығы мен жасыл желек жамылып, көгалдандыру деңгейі де көз қуантады. Осы орайда қаламызды, іргелес ауылдарымызды таза ұстау, ондағы көшелеріміз бен ауылдарымызды жасыл желекке бөлеу, әрбір тұрғынның, яғни өзіміздің міндетіміз екенін естен шығармауымыз керек.
Мен осы өңірде 37 жылдан бері тұрып, осы жағымды жаңалықтардың, өзгерістердің куәсі болып келемін. Қаламыздың әлі де көркейіп, өркендеп-өсіп, қанатын кең жаятынына кәміл сенемін.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қызылсай — қарашаңырақ, Жаңаөзен — дарашаңырақ сондықтан ешкімнің шатастыруға құқығы жоқҚала тұрғыны ретінде қаламыздың жарты ғасырлық мерейтойын лайықты қарсы алу, оны мәңгі есте қалдыру және қаламыздың одан әрі өркендеп, көркеюіне бағытталған төмендегі ұсыныстарды жолдағалы отырмын.
Енді арка-қақпа салу, радиоторап орнату орасан зор қаражатты, материалдық шығынды талап етпейді деп ойлаймын және қала кәсіпкерлері де өз қаласының өркендеп-көркеюіне үлестерін қосып, қолдайды деп сенемін. Сондықтан бұл ұсыныстарды қала басшылығы, тұрғындар, жұртшылық қолдайды деп үміттенемін, көпшіліктен басқа да құнды ұсыныстар түседі деп ойлаймын, себебі қаланың ресми мерейтойына әлі уақыт бар.
Сөзімнің соңын төмендегідей шумақпен аяқтағым келеді:
Жаңаөзенім! Рухы биік қаламсың сен ғажайып, Өркендей бер, көркейе бер, қанатыңды кең жайып!
Өтеулі САРЫБЕК, Жаңаөзен қаласы мемлекеттік архивінің қызметкері, қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы