Кеше Түпқараған ауданының әкімі Айдос Хамиев Ақшұқыр ауылында құрылысы жүріп жатқан көтерме-бөлшек сауда орталығына барды. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аудандағы азық-түлік, тұтыну тауарлары бағаларының төмендеуіне ықпал етеді деп күтіліп отырған орталықтың құрылысы бүгінде қарқынды жүру үстінде. 74 сауда нүктесі мен 300-ге жуық сауда-саттық контейнерлері орналастырылатын орталық былтыр құрылысын бастаған болатын. Осы жылдың ішінде өз жұмысын бастағалы отырған орталықтың тапсырыс берушісі «Оптовый центр Кокжар» ЖШС–нің директоры Калменов Дариябайдың айтуынша, орталық ашылса 500 адамды жұмыспен қамту көзделген және олардың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болмақ. Көтерме-бөлшек сауда орталығы жалпы 2,8 га аумақты құрайды.
Аудан басшысы аталған нысанның аудан тұрғындарына қажеттілігі жайлы айта келе, бірнеше ұсыныстар айтты.