Түпқараған ауданының әкімі Ақшұқыр ауылындағы тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдауы Сайын Шапағатов елді мекенінде жалғасты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайын ауылының тұрғындарының ең жиі көтерген мәселелері қатарында - Атаулы әлеуметтік көмек, қайтарымсыз грант пен жер мәселелері бар. Атап айтсақ, Қарамурзаев Жандаулет жолдасын жұмысқа орналастыруды сұрап, оған қоса үй кезегіне қосылуға ниет білдірді. Ал Жексенгалиева Амангүл егін салуға үкімет тарапынан қаржылай көмек сұрай келді. Сонымен қатар, Рысбаев Айдар тоқ мәселесін шешуді сұрады.
Аудан басшысы өз тарапынан тиісті толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әр сұраққа толыққанды жауап берді. Мәселелерді тікелей өз бақылауына алатындығын айтып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.