Бүгін Ақшұқыр ауылдық Мәдениет Үйі ғимаратында Түпқараған ауданы әкімінің және Ақшұқыр ауылы әкімінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебін беру мақсатындағы ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есеп беру кездесуіне Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Көшкінбаев Исағали Әбдірахманұлы қатысты.
Бүгінде ауыл халқының саны 2018 жылы 10725 адамды құраса, 2019 жылы 11205 адамды құраған. Тұрғын үй саны 2050, белсенді халық саны 4168 адамды құрайды. Қазіргі таңда ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 750 участокке жасақталған жобаға сәйкес келісім шарт құны; 580,1 млн. теңге болатын су құбырларын тарту жұмыстарын «ТрансКомСтрой Сервис» ЖШС жүргізуде. Ауыл көгілдір отынмен 88,5%-ға қамтылған. Көп уақыттан бері көтеріліп жүрген мәселе Бегей тұрғын үй алабындағы 73 жер теліміне газ құбыры тартылып қосылды. Бұл жұмыс 2020 жылы ары қарай III -IV кварталдағы жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерге газ құбырын тарту жұмыстарына жалғасатын болады. Сонымен қатар II-V кварталдағы жаңадан салынған үйлерге де газ құбыры мен электр желісін тарту үшін жоба жасақталған. Ауыл бойынша 2100 абонент тоқ желісіне қосылып, қоныстанған үйлердің барлығы 100% тоқпен қамтылған. Сонымен бірге ауыл бойынша берілген жер телімдері мен жаңа тұрғызылған үйлерге (1241 телім) электр желісін тарту құрылысына ЖСҚ жасақталды. «Байтақ Арқа» ЖШС (II, V орам теңіз жағалауы, Үштерек, Бекжанов, Қазиев көшелері). Ауыл ішіне (жоғарғы және төменгі атаумен) 12,2 шақырым тас жол салу жұмыстары жобаға сәйкес басталды. Биыл қаралған қаражатқа орай тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында мектеп лицейге жол салынды. Алдымыздағы жылы бұл жұмыс жалғасатын болады. Сонымен қоса, ауыл ішілік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ауыл Ел бесігі» жобасына 21 жоба ұсынылды.
Тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін сұраған өтініштерімен жер кезегінде 7800 мың адам тіркеуде тұр. Биыл 884 жер теліміне газ құрылысын жүргіздік алдағы уақытта тоқ желісін тартқасын 2006 жылдан бері жер кезегінде тұрған өтініштерді кезегімен қаралатын болады.
Есеп беру кездесуі барысында тұрғындар тарапынан бірнеше мәселелер көтеріліп, сұрақтар қойылды. Оларға өз кезегінде тиісті жауаптар беріліп, жұмыс жоспарына енгізілді